Баспа жаңа ғимаратқа көшті

Баспа жаңа ғимаратқа көшті

Әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық универ­си­тетінде «Қазақ универси­теті» баспасының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
«Қазақ университеті» баспасы – елі­міздегі іргетасы ертеректе қаланған бас­палардың бірі. Жарты ғасырдан астам та­рихы бар баспа қазіргі таңға дейін көп­теген дүниелерді жарыққа әкелді. Ашылу салтанатының дәстүрлі лентасын уни­верситет ректоры Ғалымқайыр Мұ­тан­ұлы кесіп, баспаның табысты қыз­ме­тіне жылы лебізін білдірді. Сонымен қа­тар мерекелік іс-шараның құрметті қо­­нақтары қатарында университет про­рек­торлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері болды.
Баспа директоры Алмаз Асан қонақ­тар­ды баспа ғимаратымен таныстыра оты­рып, баспахананың озық техноло­гия­лы машиналарын көрсетті. «Кеше ҚазҰУ баспасы 560 шаршы метрде ор­наласса, бүгінгі күні басшылықтың қол­да­уымен баспа 1000 шаршы метр ау­мақты алып жатыр. Бұл баспаның бо­ла­шақ жоспарын жүзеге асыруға, яғни жаңа ұрпақтың баспа-полиграфия­лық кешенді үлгісі болуына жағдай жа­сайды», – деп баспа директоры өз ойын біл­дірді. Кітап дүкені, «Студент» жедел бас­па орталығы және баспадағы алдың­ғы қатарлы ғылыми жұмыстар зертхана­сының ашылғандығы жайлы ерекше атап өтті.
Сондай-ақ жаңашылдыққа жаны құ­мар баспа қызметкерлері magkaznu.com деп аталатын жаңа порталдың да тұсауын кесті. Ғылымға жаны жақын, «бо­лашақта ғылыммен айналысамын» деген жас өрен сайттың «Пресс» бөлімі­нен өзіне ғылыми мақала, оқулық, мо­но­графия жазу туралы мол мағлұмат ала алады. Өзге баспалардың сайтынан бір ерекшелігі – тәжірибелі ғылыми ре­дак­торлармен тікелей байланысқа шыға аласыз. Аударма қызметі де осы бөлімде қарастырылған. Сапалы, оқырманға бе­рері мол қызықты мақалалар легіне шолу да парақшадан табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылған сонау 1934 жылдан бүгінгі күнге дейінгі уа­қыт аралығында қызмет қылып, ұстаз­дық еткен профессор, ғалымдардың өне­гелі өмірі хақында сыр шертетін деректер де осында.
Электронды дүкен арқылы ғылыми кітаптарға қол жеткізу мүмкіндігі де назардан тыс қалмаған. Еліміздің басқа да беделді бас­паларының сайтында бұл мәселе кітап дүкендерінің мекенжайын көрсету­мен шектелсе, magkaznu.com сайтының «Дү­кен» бөлімінде каталог бойынша ғы­лы­ми кітаптар бағасымен орналасты­рыл­ған.
«Онлайн-баспа» бөлімінде қарапа­йым визитка басудан суретті кітап шы­ғару­ға дейінгі аралықтағы футболка, бе­йс­болка, үнпарақ, кәдесый, ашық хат, сап­тыаяққа сурет басып шығару сынды дү­ниелерді қамтиды. Сайттың мұндай қыз­метін пайдаланушы үйден шықпай-ақ қолдана алады. «Пенклаб» бөлімі ғы­лым­ға жаңадан қадам басқан авторлар­мен қатар, кәсіби мамандарға да ар­­нал­ған. Мұнда шығармашылығыңыз­ды шыңдау үшін антиплагиат, мақалаға көмекші сынды ғылымның сізді қызық­ты­ратын саласына орай кітап не мақала жазуыңызға шын мәнінде көмектесетін қо­лайлы құралдар жинақталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста