Баспанасыз жүрген қазақстандық жұлдыздар кімдер?
Әншілер де пәтер жағалап жүр. Биліктен үміт үзген әншілер өз күшімен үй салып, жыртығын жамағанын айтты. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып жатқандар да бар. 
Бұл туралы Жұлдыздар жарқырайды бағдарламасында айтылды. 
 
Қазаққа белгілі дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман бірнеше жыл баспанасыз тұрып келді. Отбасымен пәтер жалдады. Әкімдіктен көмек к\сұрағанымен, құлақ асар ешкім болмады дейді ол.
"Мен қанша жыл пәтерде тұрып келдім. Мен ғана емес, Ерлан Рысқали сияқты танымал әншілердің біразы баспанасыз жүрді. Әкімдіктен екі рет үй сұрап бардым. Олар кезекке тұру керкек екенін айтты. Оған жылдар кетеді. Қайран болмаған соң шешемнің жиған ақшасына жер алып, үй сала бастадық", - деді Еркін Шүкіман. 
Баспанасыз әншілердің қатарында әнші Райм Уайс бар. Ол тьапқан табысының тең жартысын пәтерақыға береді. 
"Пәтер жалдап тұрамын. Пәтер бағасы қымбат. Тапқам ақшамның жартысы пәтерге кетеді", - деді Райм Уайс. 
Жақында Мейрамбек Бесбаев өнер иелерінің баспанасыз жүргенін айтып, қала басшылығына өкпесін жеткізді. 
"Үлкен шахарда еңбегі сіңген әншілерге қуықтай баспана бдұйырмай тұр" деп жазды. Сөзін жерге тастаған қадалда басшылығына ренішін жазды.