БАТА
Құрметті оқырман ел аузындағы бата-тілектерді жинасытырып назарларыңызға ұсына бастадық. Бұл игі іске алып-қосар ойыңыз немесе өз жаныңыздан шығарған, ел аузынан, қадірлі қариялардан естіген баталарыңыз болса alashainasy.kz сайтына пікір жазып немесе мына почтаға (alashbata@mail.ru) хат жолдаңыз!
***
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим,
Мұсылман болдың, қарағым,
Кәне бері қарағың.
Шырағын жағар ұлысың
Ата менен ананың.
Таудай болсын талабың,
Алтын менен күмістен,
Жасалсын барлық жарағың,
Көрімдігің мінеки,
Бар ма тағы қаларың?
Қой сұрасаң, қой берем,
Тай сұрасың, тай берем,
Зат сұрасаң, зат берем.
Ат сұрасаң, ат берем.
Батырлығың байқалса.
Сауыт берем ақберен.
Мұратыңа жете бер,
Күннен-күнге өсе бер.
Ұзақ болып өмірің,
Өміріңнің түйінін,
Өз қолыңмен шеше бер.
Әумин.
***
Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен;
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке.
Белден жайлап буған күн.
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн,
Әкең келіп төбеңнен,
Тебіріне төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың,
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тарты екен» деп,
Бетіңді ашып көрген күн.
Туған күнің жыл сайын,
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер.
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.
Әумин.
***
Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Жақсылыққа жақ болып.
Жас қосылсын жасыңа!
Оңға басса талабың.
Кеуіп босқа тасыма.
Тайып кетсе табаның.
Жүнжіп бекер жасыма.
Арам ойлы арсызбен
Бола көрме ашына.
Алды-артыңды ойламай,
Іс қылмағай асыға.
Жолдас боп ер парықтап.
Жақсы адамның қасына:
Сонда жаның жай тауып,
Бас қосылсын басыңа,
Ас қосылсын асыңа,
Жас қосылсын жасыңа!
Әумин.
***
Құтты болсын бесігің,
Артық болып несібең.
Дастарқаның жайылып,
Ашық болсын есігің.
Өре берсін балалар,
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын,
Қуатты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерің қабыл боп.
Орындалсын ойларың.
Әумин.
Жас жұбайларға бата
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол
Әуелі, құдай оңдай көр
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Ұлыс күні қазан толcа
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын
Бата жинағының сілтемесіне басыңыз
Әумин десең маған
Жас баланың күлкісін бер
Жаңбырсыз жаздан сақта
Анаға бата