БАТА
Құрметті оқырман ел аузындағы бата-тілектерді жинасытырып назарларыңызға ұсына бастадық. Бұл игі іске алып-қосар ойыңыз немесе өз жаныңыздан шығарған, ел аузынан, қадірлі қариялардан естіген баталарыңыз болса alashainasy.kz сайтына пікір жазып немесе мына почтаға (alashbata@mail.ru) хат жолдаңыз!
Тілек баталар
Іргеңнен иектеп итіңді ешкім шулатпасын,
Қасыңда отырып — қалпағыңды ешкім тулатпасын.
Төріңе шығып төсегіңді ешкім тілмесін,
Көзіңді шуқып-көсеуіңді ешкім ілмесін.
Тату көршіңнен — табағыңды ешкім бөлмесін,
Қайғы меңдеген қабағыңды ешкім көрмесін.
***
Қарның тойса — қалыптан аспа,
Таяныш бол тарыққан басқа.
Жар болып жүр жабыққан жасқа
Жақсы ісіңді жанықпай баста.
***
Атаңа — ар бол
Анаңа — нәр бол,
Жақсыға — жар бол,
Жаманға зәр бол,
Халқыңның қуанышы бол,
Жалпының жұбанышы бол.
***
Қамыңды теліп қарынға,
Қараулық жолға салынба.
Шалқып бір тұрған шағыңда
Шаттыққа елтіп қабынба.
Жүрерсің сонда бабыңда
Жұптасар саған бағың да.
***
Көзіңе кірбің ұяламасын,
Өзіңе кіржің қияламасын.
Куәлікке тәңір алдыра бермесін,
Күдікке сірә шалдыра көрмесін.
Әбестікке малындырмасын,
Әлектікке жалындырмасын,
Қараулыққа қаның бұрмасын,
Жақсылықты жаның жырласын.
***
Бапкері жоқта қыран жетім,
Бақ-тері жоқта ұлан жетім.
Байдан айырылса — қатын жетім,
Жайдан айырылса — жақын жетім,
Баладан айырылса — ана жетім.
Сарадан айырылса — дана жетім.
Қаңсып қалса — қазан жетім,
Былғанса — тазаң жетім.
Құдай сені жетімдікке жазбасын,
Түтінің тузу шығып, ошақта отың маздасын.
ӘСКЕРГЕ АТТАНАТЫН АЗАМАТҚА БЕРІЛЕТІН БАТА
Бисмилляһи-р-рахман ир рахим Уә, жаратқан ием құдірет!
Уа, Жаратқан Ием!
Қошқарұлы Жәнібекке Қаракерей Соқыр Абыздың берген батасы
Кемеңгердің алғыр ойын берсін
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим
Жас жұбайларға бата
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол
Әуелі, құдай оңдай көр
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Ұлыс күні қазан толcа
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын
Бата жинағының сілтемесіне басыңыз
Әумин десең маған
Жас баланың күлкісін бер
Жаңбырсыз жаздан сақта
Анаға бата