Батыр да анадан туады

Батыр да анадан туады

Әлия–Мәншүк есімдерін қатар ұстап, ерлікті дәріптеумен келе жатқан ақтөбелік шырақшы Ғалымжан Байдербестің іздеу жұмыстарын жүргізіп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың анасының жерленген жерін тапқаны жайлы бұдан бұрын да жазғанбыз. Көз көргендер мен батыр қыздың туыстарының айтуымен Маржанның жатқан жері Қобда өзені бойындағы Көкмешіт екені анықталып, балбал тастан белгі қойылды. Қарттар күніне орай Қобда өңірінде Әлия Молдағұлованың анасы Маржанның рухына үлкен ас берілді. Басы қарайтылып, ескерткіш тас орнатылды. 79 жылдан бері ескерусіз қалып келген батыр қыздың анасына осылай тағзым жасалды.
Киелі Қобда жерінде Абат-Байтақ, Қо­быланды, Исатай, Әлия батырлармен қа­тар, Әлияның анасы Маржанға да балбал тастан белгі қойылды. Ерлікке тағзым етер тағы бір орын пайда болды деп қоб­далықтар ақсарбас атады. Үлкен ас беріп, ананың рухына құран бағыштады. Мар­жанның сол бір ашаршылық жылдары балаларына тамақ тауып беремін деп, картоптың қалдығын теруге барып, қапияда бақша күзетшісінің оғына ұшқаны жайлы бұған дейін көп айтылмай келді. Жатқан жері де белгісіз болды. Әлия есімін ту қылып ұстап, үнемі жастарға насихаттаудан шаршамайтын «Әлия-Мәншүк» қо­рының төрағасы Ғалымжан Байдербес өзі бас болып, Маржанның жерленген жерін анықтауды өткен жылы өзі қолға алған болатын. Іздестіру барысында оған Әлияның туысы Әбдіраман Рабаев өзіне о дүниелік болып кеткен ағасы Бақдәулеттің Көкмешіттегі бейіттің орнын көрсетіп кет­кенін айтады. Мұны оның көптеген ауыл­дасы растайды. Сөйтіп, Әлияның ту­ған жері Бұлақтан 4-5 шақырымдай, күн­батыс бетінде Көкмешіттегі бейіттің орнына Қобда ауданы әкімшілігі, Бұлақ селолық округі азаматтарының күшімен ескерткіш орнатылды. Салтанатты рәсім­де сөз алған Әлияның ауылдастары, туыс­тары ризашылықтан көздеріне жас алып, алғыс­ын жаудырып жатты. Әсі­ресе Әлия­ның сіңлісі Әліп Сарқұлова «апам тірі­ліп келгендей сезімде тұрмын» деді. Осы игі істің мұрындығы болған Ғалым­жан Байдербеске шапан жауып, сый-құр­меттерін көрсетті.
– Біздің мақтанышымыз Әлияны өмір­ге әкелген анасы Маржанды еске алып, ардақтау біздің адамгершілік міндетіміз болатын. Өз перзентінің қызығын көре алмай кеткен анаға ескерткіш қойып, ана рухы мен батыр қыздың рухы алдындағы осы үлкен міндеттен құтылғандай болдық. Ана алдындағы борышымызды өтедік деп сезініп тұрмыз. Бұл Қобда ауданындағы ерлікке тағзым ететін, Отан-ананы сүюге, азаматтыққа тәрбиелейтін тағы бір орын болады деп сенемін, – дейді Ғалымжан Байдербес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста