Батыр рухына тағзым

Батыр рухына тағзым

Даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов Алматыда 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келді. Оның балалық және жастық шағы Бішкекте өтті. Болашақ ұшқыш 16 жасында аэроклубқа оқуға түседі. Кейін Саратовтағы, Чкаловтағы ұшқыштар мектебінде білімін жетілдіріп, біліктілігін шыңдады. 1943 жылдың қаңтарында Калинин майданына алынады, оған 296-дивизияның 800-ші шабуылдаушы авиациялық полкының Ил-2 шабуылдағыш ұшағының тізгіні беріледі. 1944 жылдың қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын жаудан азат етуде ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін және жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін аға лейтенант Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағы атанды. Осы уақытқа дейін ол әуеде 200-ге жуық әскери тапсырманы орындаған болатын. Даңқты ұшқыш Берлинді азат ету үшін болған ұрысқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы екінші рет берілді. Аты аңызға айналған Талғат Бигелдинов барлығы 305 әскери ұшуды іске асырды. 2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимов өмірден өткеннен кейін ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алғандардың арасында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін "Алтын Жұлдызды" иеленген көзі тірі жалғыз адам болған еді. ҚР Әуе қорғанысы күштерінің Ақтөбедегі әскери институтына даңқты батырдың есімі оның көзі тірісінде-ақ берілді.

Әйгілі ұшқыш, 300-ден астам әскери ұшуды орындаған Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов. 1995 жыл. ©РИА Новости
 

144-ші Гвардиялық шабуылдаушы әуе полкының жетекші ұшқыштары, 1944 жыл. Сол жақта екінші тұрған - Талғат Бигелдинов. ©patriotcenter.ru/Andrey_18
 

Әуе полкының "найзағайлы" Ил-2 ұшағы. ©patriotcenter.ru/Andrey_18
 

Германия аспанындағы Ил-2 шабуылшылары. ©ribalych.ru
 

"Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында" атты фильмнің эпизоды түсіріліп жатыр. Жас офицерлердің Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновпен кездесуі. 1985 жыл. ©РИА Новости
 

Талғат Бигелдинов Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы саябағындағы Жеңіс күнін мерекелеу кезінде. ©ribalych.ru
 

"Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында" фильмінің түсірілімі. 1985 жыл. ©РИА Новости

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Азаматтық әуе флотының Қазақ аумақтық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бигелдинов. 1960 жыл. ©РИА Новости

Батыр бейбіт күн балаларының ортасында. ©ribalych.ru

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов. Фотокөшірме. 1975 жыл. ©РИА Новости

Батыр Бигелдинов Алматыдағы Республикалық оқушылар сарайының жас ұшқыштар үйірмесі мүшелерімен бірге. 1985 жыл. ©РИА Новости
 

Талғат Бигелдинов (оң жақта бірінші) 2011 жылдың 9 мамыры күні Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы саябағында Жеңіс мейрамын тойлау кезінде. ©Ярослав Радловский

Tengrinews.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста