Бауыржан Момышұлының Кастродан алған таяғы қайда сақтаулы?

Бауыржан Момышұлының Кастродан алған таяғы қайда сақтаулы?

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өткен ғасырда Рауль Кастродан сыйлыққа алған таяғы семейлік Құрманғалиевтар отбасының жәдігеріне айналғанын сырттай естіп-білген Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Нұғманұлы, музей қызметкерлері Г.Төртенова мен П.Уколов Құрманғалиевтар әулетіне арнайы барған еді. Ондағы мақсат – Бауыржан Момышұлының осы отбасына сыйға тартқан таяғын Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында музей экспозициясына қою үшін сұрау болатын.
Оразғайша Құрманғалиева апайдың айтуынша, даңқты қолбасшының таяғы оған әпкесі Бағдат Рахметовадан қалған аманат екен. Әпкесі Мәскеуде гастрольдік сапармен жүргенде Бауыржан Момышұлымен кездейсоқ жолығып қалады. «Ол Баукеңді қонақ үйде көріп, «ассалаумағалейкум» деп сәлем береді. «Мен сізді танимын, сіз - біздің мақтанышымыз, даңқты бабамызсыз, сізбен мақтанамыз» дегенде, Баукең Мәскеуде қазақ қызын көріп, таңғалыпты. Ол менің әпкемнен «Әкең бар ма?» деп сұраған екен. Содан кейін өзінің қолындағы таяғын «әкеңе апарып бер» деп әпкемнің қолына ұстатыпты», – дейді өзінің әңгімесінде О.Құрманғалиева.
Оразғайша апай Бағдат әпкесінің фотоальбомдағы бірнеше суреттерін көрсетіп, таныстыра отырып, әңгімесін жалғастырды. Сонау 1963 жылы Бауыржан Момышұлы Кубадан қайтып келе жатады. Аталмыш таяқты Куба елінің бас қолбасшысының орынбасары Рауль Кастро сыйға тартқан екен. Ал одан кейін Бауыржан Момышұлы таяқты «Ақжар» ансамблінің әртісі, 26 жасар Бағдат Рахметоваға қайта сыйлайды. Осылай бірнеше жыл сақтап келген жәдігерді 2010 жылы Бағдат әпкесінің Қостанай облысында тұратын ұлы Даулетке табыстағанын айтты. Өйткені әпкесіне «таяқты өзім ғана сақтаймын» деп уәде берген Оразғайша апай бұл отбасылық жәдігердің тек Бағдаттың балалары мен немерелеріне аманат болып қалатынын жеткізді. Өкінішке қарай, Кеңес Одағы Батырының таяғы Бағдат апайдың Қостанай қаласында тұратын ұлының қолында болып шықты. Алдағы уақытта бұл құнды жәдігер музей экспозициясынан өз орнын табады деп сенеміз.

Г. Төртенова,
Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста