Бауыржан Тұрабаев анекдот айтады... (фото, видео)

Бауыржан Тұрабаев анекдот айтады... (фото, видео)

Бауыржанның бір өзі – бір театр. Оның басқа әзіл-сықақшылардың ерекшелігі де, жанры да бөлек. Бауыржан – анекдот айтудың шебері. Ол жай ғана анекдот айтпайды, оны өзі шығарады. Белгілі анекдотшы, шоумен Бауыржан Тұрабаевтың өзінен бұрын қалың жұртшылыққа анекдоттары танылып, кеңінен тарап кеткен. Бүгін «Алаш айнасы» анекдот арқылы аты шыққан Бауыржанның ең қызық деген анекдоттарын көпшілік назарына ұсынып отыр.

Бауыржан оқушы кезінен әзілге құмар болды. Мектептегі кештерде, одан кейін колледжде оқып жүргенде ол КВН ойнап, барлық мәдени, мерекелік шараларға белсене атсалысатын Бауыржан сол кездің өзінде сахнаға арналған жаңа әзілдер жазып, анекдот айтып жүрген. Бертін келе ол өзінің осы анекдот шығаруға деген бейімділігін байқап, өзінің өнерін дамыта түседі.
Бауыржан анекдотты алыстан іздемейді. Айналасында күнде болып жатқан жайттарға қатысты анекдоттар жазады.

Бауыржан Тұрабаев, анекдотшы: Жетісайда жүрген кезімде біраз анекдоттарымды жинастырып, бір жинақ шығару ойыма келді. Өйткені анекдоттар күннен күнге көбейе береді. Соларды өзімше топтастырып, жұрт шәй ішіп отырғанда тыңдап, рахаттанып бір күлсінші деген оймен анекдоттарды дискіге жаздым, анекдоттардың жартысы Шымкент қаласындағы бір студияда жазылды. Екі студияда жазылған әзілдерді біріктіргенде кейбір қиюласпай қалатын тұстарын жөндеу керек болды. Уақыт болғанда кірісемін ғой деп жүргенде әлгі әзілдер қарақшылық жолмен тарап кетті. Студиядағы жігіттер қызық көріп таныстарына тыңдатып, олар өздеріне көшіріп алып таратты дегендей... Сонымен өзімнен бұрын анекдоттарым бірінші танылды. Бастапқы кезде жұрттар бұл анекдоттарды кім айтатынын, авторы кім екенін тіпті білген жоқ.

Көп ұзамай Бауыржан «Қызық радиосы» жігіттерінің шақыруымен Алматыға келеді. Ол әзіл-сықақ театрларына әзілдер жаза жүріп, өзінің шығармашылығын дамыта түсті. Осыдан кейін халық анекдотшы Бауыржанды тани бастады. Өйткені Бауыржанның анекдот айтуының өзі ерекше.

Бауыржан Тұрабаев, анекдотшы: Базарда жұмыс істейтін саудагер болсаң, әңгіме қызанақты сатуда емес, оны өткізуде. Қызынақты барлық саудагер сата алады, бірақ бәрі бірдей өткізе алмайды. Сол секілді әзілді де барлық адам айтады. Бірақ күлдіре алмауы мүмкін. Әзіл шығару үшін заманға лайық болу керек. Мен күнделікті тіршілікке қатысты бүгінгі актуалды тақырыптарға анекдоттар жазамын.

Әдетте біз орыстардың анекдоттарын аударып алуға құмармыз. Ең алғаш Бауыржанның анекдоттары шыға бастағанда кейбіреулер анекдотты Бауыржанның өзі шығаратынына күмән келтіріп, сенбегендер де болыпты.

Бауыржан Тұрабаев, анекдотшы:Орыстың, жалпы менталитеті, танымы басқан ұлттардың әзілдері біздің халыққа өтпейді. Айталық орысша анекдотты қазақшаға аударсақ, мағынасы қашып кетеді. Мені Максим Галкин де, Петросян да күлдіре алмайды. Өйткені мен олардың тіліндегі әзілді түсінбеймін. Өйткені олар өз айналасына бейімделген әзіл айтады, ал ондай әзілдері бізге дым да келмейді. Ал енді менің анекдот шығаратыныма күдіктенім, басқалардан алған шығар деп ойлайтын әріптестерімнің өзі ұрлайды деген сөз. Егер өздері ұрламаса, олай күмән келтірмес еді.

Бауыржанның анекдоттары астарлы болғанымен онда мысқыл жоқ. Оның анекдоттары халықтың өзімен біте қайнасып жатады. Халықты күлдіре отырып, мұң-мұқтажын жеткізуге, артықшылығымыз бен кемшілігімізді көре білуге тырысатын Бауыржан өзгелер секілді өзі айтып өзі күлмейді, басқаларды күлдіреді.

Бауыржан Тұрабаев, анекдотшы: Еврейлер өзіне өзі күле білген халықты мықты деп санайды. Кезінде тіпті мықты деген хан, патшалардың қасында саясатқа қатысты астарлы ойларын әзілмен жеткізіп отыратын әзілқой қызметшілері (шут) болғаны тарихтан белгілі. Өз басым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездесіп, әзіл айттым. Ол кісі менің анекдоттарымды рахаттана күліп тыңдады. Біздің президентіміз өте әзілқой, астарлы, ұтымды әзілді жақсы айтатын адам. Естуімізше, кейбір-жиын тойларда ең мықты деген асабалардың өзіне Елбасы «жаңадан шыққан анекдотты естіңдің бе, естімесең мен айтып берейін» деп анекдот айтып береді екен.

Бұрын Бауыржанның анекдот шығаратынына күмән келтіретіндер көп болса, қазір тіпті халық арасынан шыққан кейбір әзілдерді «Бауыржандікі екен» деп айтушылар көбейген. Бұл көпшіліктің Бауыржанды мықты анекдотшы ретінде мойындауы деуге болады. Дегенмен ол өзінікі емес анекдотты ешқашан меншіктеген емес. Бүгінде Бауыржан сахнада да, тойларда да өзінің су жаңа анекдоттарымен халықты қыран-топан күлкіге бөлеп жүр.
Бауыржан Тұрабаев, анекдотшы:

– Біздің қазақ халқын жалқау деп көп айтады ғой. Бір күні бір шетелдік азамат маған, сендердің елдерің де, жерлерің де бай, бірақ халық жалқау, мақтаншақ деп қояды. Мен айттым: жердің асты толған байлық болған соң, бізді сол байлықтың буы ұрып тұрады» дедім. Өйткені бізде Менделеев кестесіндегі барлық элемент бар, тек Менделеевтің өзі ғана жоқ....

Астана аренадаа Грекияның «Паок» деген командасы мен біздің «Шахмер» футбол ойнап жатқан ғой. Біздің команда грекиялықтардан 2:0 есебімен ұтылып жатыр. Сөйтсе алаңға Мақсат Байжанов деген ойыншы шығатын болып дайындалып жатқанда журналситер: Мақсат сіз гол салу үшін шығып барасыз ба, ұтылып жатырмыз ғой депті. Сөйтсе Мақсат айтады дейді: «Жоға, отырып-отырып қатып қалдым» депті.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Путин жиналыс жасап барлық елдердің соғыс ардагерлерін түгендеңдер депті. Сөйтсе өзбектерде батыр жоқ екен. Біреу: Сабыр Рахымов өзбек батыры десе, енді біреу оның өзбек емес екенін айтады. Сонда Путин қызметшілеріне: «Бүкіл өзбек халқынан бір батыр шықпады деген сұмдық қой. Бір шылды тауып, кеудесіне орден тағып, батыр атағын беріңдер» депті. Сөйтіп Өзбекстаннан егіс басында жүрген бір ақсақалды тауып, оған орден тағып, батыр тағын беріпті. Сонда журналситер әлгі шалдан: «Ата, соғыста қалай соғыстыңыз, жеңіске қалай жеттіңіз» деп сұрапты. Сөйтсе ақсақал: «шошаңдамай окопта тығылып жату керек» деген екен...

Есек мемлекеттік бағдарламамен үй алыпты дейді. Сөйтсе бәрі ешкім ала алмай жатқанда есек қалай үй алды дептаңғалып есектен сұрапты: Ешкімнің қолы жетпей жүрген пәтерді мемлекеттік бағдарламамен қалай алдың?десе, есек: «Жоғарыда «братандар» отыр емес пе?» депті.

Біреулер айтып жатыр дейді: Енді Қазақстанға шетелдің әндері мүлде кірмейді, қандай да бір жолмен таратуға тыйым салынады. Ғаламтор желілері арқылы да шетелдік әндерді көшіруге болмайды екен деп. Сөйтсе, Нұрлан Еспанов: «Мәссаған, енді немен айналыссам екен» деп отыр дейді.

Бір күні түлкі сканворд шешіп отыр дейді. Сол жерде: «ең қу аң» деп жазып қойыпты, өзі 5 әріптен тұрады екен. Сөйтсе түлкі ойланып отырып: «Әй осы кірпі да, басқа кім дейсің» депті.

Бүгін «Алаш айнасы» белгілі Бауыржан Тұрабаевтың қызықты анекдоттарының бір парасын ғана ұсынып отыр. Бауыржанның әртүрлі тақырыпқа жазылған анекдоттарының жалғасын аалдағы уақытта біздің сайттан оқи аласыздар. Күлкі – өмір. Күліп жүріңіздер, өмірлеріңіз ұзарсын!!!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста