Базбіреулер мені біреудің тоқалы деп ойлайды - отандық тележүргізуші
Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко өзінің жеке өміріне қатысты түрлі қауесет тарататындарға жауап беріп, бар шындықты айтты. Ақпарат өкілі елдің бұл пайымын толығымен жоққа шығарып, осы күнге дейінгі жетістіктеріне ешкімнің көмегінсіз қол жеткізгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Анна Данченко өзі жайында айтылып жатқан барлық негізсіз әңгімелерге Instagram парақшасында нүкте қойды.
 
Белгілі журналист желіде азулы жазба жариялап, ешқашан ешкімнің тоқалы болып көрмегенін кесіп айтты.
 
"Жеке өмірім жайлы айтып берейін деп шештім. Білесіздер ме, айтылған әрбір сөзге құлақ ассам, мен бүгіндегідей тұлға болып шықпайтын едім. Мен үшін әрдайым ата-ананың пікір маңызды. Әкем мен анам менің өмірімдегі басты ұстаздар болып қала бермек. Алайда, 17 жасымда оқуға кетіп, мен үлкен өмірге қадам бастым.
Жеңістермен қатар, көптеген жеңілістер де болды. Маған сенбеген адамдардың сөздері әлі есімде. &ldquoҚолыңнан келмейді", "Сенен қандай ұстаз шығады?", "Ауылдың қызы", &ldquoқазақ тілін білудің арқасында адам болып жүр!&rdquo деп айтушы еді.
Мен ешқашан өзімнің шыққан жерімді жасырған емеспін. Отбасым да бай емес екенін ашық айтатынмын. Біз бай-бағландар секілді өмір сүрмесек те, ештеңеден тапшылық көрмедік.
Көпшіліктің менің болашағыма деген сенімсіздігі мені қатты ренжітетін. Мен 18 жасымнан бастап ақша жинадым. Еңбек еттім. Тырыстым. Нәтижесінде өзімнің адал еңбегіммен тапқан ақшама Алматыдан пәтер сатып алдым.
Кейін көлікті болдым. Аралға келгенімде біреулер сыртымнан өсектеп жүргенін естідім. Олар маған бұл үй мен көлікті бай аға сыйлады деп, мені біреудің тоқалы деп ойлаған.
Бірақ, мен керемет тәрбие көрген қызбын. Мен ата-анама сөз келетін іске ешқашан бармаймын.
Бүгінде мен өзім жұмыс істеп, табыс тауып жатырмын. Ешкімге тәуелді емеспін, шүкір" , - деп жазды Данченко.