Бейбіт күндегі «АЛЖИР»

Бейбіт күндегі «АЛЖИР»

Елбасының жарлығымен  1997 жылдан бері  31 мамыр– Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу күні болып келсе, биыл бірінші рет саяси қуғын-сүргін және ашаршылық күні  болып аталып өтіледі.
2007 жылдың 31 мамыры күні Қа­зақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  тікелей бастама­сымен   Астана қаласының іргесіндегі Ақ­мо­ла ауылынан саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм  құрбандарының «АЛЖИР»      мемориалды кешені  ашылды. Бұл жерден ашылу себебі, 1937 жылы НКВД-ның ар­найы бұйрығымен  салынған Ақмола ха­лық жаулары әйелдерінің лагері  «АЛЖИР»  аталып кеткен азап орталығы орналасқан еді. Мұражай саяси қуғын-сүргін құрбан­дарын еске алу күнінің 10 жылдығына, жаппай қуғын-сүргіннің 70 жыл толуына, «Алаш Орда» үкіметінің 90 жылдығына орай ашылды. Содан бері мұражай  ауыр да азапты жылдар тарихын болашақ ұрпақ есінде қалдыру үшін нәтижелі істер атқарып келеді.   «АЛЖИР» мемориалды мұражай  кешенінің мақсаты мен міндеті –сталиндік қуғын-сүргін  тарихының  басты кезеңдерін көрсете отырып, өткен дәуір рухын жаң­ғырту арқылы сол тарих жайлы ақпаратты дамыту және қалың жұртшылыққа тарату  болып табылады.

Дерек
Өткен жылдың есебі бойынша «АЛЖИР»  мұражайының қоры  қосымша 1520  жәдігермен толықты. Оның 95-і бюджет есебінен сатып алынды. Қазір мұражай қорында 9635 жәдігер сақталып отыр.  Бұл сөз жоқ, мұражайдың ғылыми қызметіне оң  ықпалын тигізеді. Өткен бес жылда мұражай жәдігерлерімен 80 мыңнан астам адам танысты. Олардың ішінде шетелдік азаматтар көптеп саналады.

Мұражай   өзінің құрылғаннан бергі уа­қыт­та  елімізге ғана емес, ТМД елдері мен шетелдерге  де танылып үлгерді.  Мұражай жұмысы  Астана қаласы  әкімдігінің  үнемі назарында.   Бес жыл ішінде негізгі және ғылыми қосымша қорлар толықты. Бес жылда мұражай  үлкен асулардан, жемісті белестерден өтті. Ел танитын,  жұртшылық қызыға келетін  мәдени ордаға айналды.  «АЛЖИР»-дің  ғылыми-зерттеу жұмысы, қордың ғылыми негізделген және жос­парлы түрдегі жинақта­луы­на, оған сипат­тама жасауға негіз болатын жәдігерлер мен коллекция­ларды зерт­теуге, мәдени жұмыстар бойынша әдісте­ме­лік бағ­дар­ла­малар  жа­сауға, кітап­тар сериясын шы­ға­руға мұражай  тақыры­бындағы фильмдер жасауға  бағыт­талған. Бұл мұражай­дың үздіксіз дамуында ма­ңыз­ды рөл атқарады. Мұра­жай ұжымының  жоспарлы жүр­гізіп келе жатқан ғы­лы­ми-зерттеу бағыттарының бірі – ғылыми іздестіру мен экспедициялық  жұмыстар. Бес жыл ішінде мұражай қыз­мет­керлері еліміздің көптеген қалаларында, бұ­рынғы Кеңестер Одағының  елдерінде, Қытай Халық Республикасында экспеди­ция­лық сапарда болды. Соның нәтижесінде    аса маңызды  мыңдаған жәдігер жинал­ды.
Былтырғы жылы аталған мұражай басшылығының  ұсынысы бойынша Қа­зақстан халықтарының жер аударылуы мен саяси қуғын-сүргін құрбандары мұра­жай­ларының қауымдастығы құрылып, жұмыс істей бастады. Саяси қуғын-сүргін тарихына байланысты және ол бойынша жұмыстарды насихаттау мақсатында  тақырыптық және жеке  көрмелер тұрақты өткізіліп келеді. Тек өткен жылы ғана  осын­дай 36 көрме өткізілді. Мұражай директоры  Болат Жүнісбековтің  басшылығымен   қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде екі том­дық   «АЛАШ-АЛЖИР»  атты зерде кітабы шықты. Бұл кітап еліміздің 20 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды.   Кітапта диктатура  аяусыз жазалаған, атып, дарға асып, абақтыға жапқан Алаштың қайраткер азаматтарының   құдай қосқан қосақтары­ның  бастарынан  кешкен аса ауыр жағдай­лары айтылады.

Дерек
«АЛЖИР»-де 1938-53 жылдары 62 ұлт өкілдерінен тұратын белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің 20 мыңнан астам әйелдері, аналары, әпке-қарындастары қамақта ұсталып, 5-10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.

Кейінгі кезде бізде  өз ұлттарының және барлық тұтқындардың рухтарына  арнап, шетел елшіліктері мұражай алдына ескерт­кіш белгі тастар қоюды дәстүрге айналдыр­ды. Польша, Украина, Әзірбайжан, Грузия, Латвия елшіліктері қойған белгі тастардың  ашылуы салтанатта жағдайда өтті. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.  «АЛЖИР» құрбандарына арнап, Астана және Алматы қалаларынан мемориалды тақталар орнату, мұражайдың іргесіндегі ескі алма бағының орнына «Алаш бағы» гүлзарын ашу жоспарда бар. Бұл үшін қала әкімдігі 2 гектар жер бөлді. Сондай-ақ қуғын-сүргін тақырыптарына арналған әуесқой түсірушілердің бейнема­териалдарының республикалық байқауын ұйымдастырып, деректі фильм түсіру шарасын да  белгілеп  отырмыз.   
Жалпы мұражайда сақталған жәдігер­лердің барлығы да тарихтан сыр шертеді. Ал тарихтың келер ұрпақ үшін берер тағы­лымы мол болса, «АЛЖИР»-дің атқарып отырған маңызды шараларының барлығы соған негізделген.

Бейбітбек Әбдікәрімов, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешенінің  ғылыми қызметкері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста