Бейбіт Сейдәулиева Анджелина Джолиден еш кем түспейді...

Бейбіт Сейдәулиева  Анджелина Джолиден  еш кем түспейді...

Адамзат баласы үшін Алланың ең үлкен сыйы – бала. Әсіресе қазақ халқы «бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деп сәбидің дүниеге келуін жақсылыққа балайды. Қазіргі таңда, Аллаға шүкір, елімізде егіздердің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бүгін «Алаш айнасы» балалы болу бақытына ие болып қана қоймай, шаңырақтарында егіздер дүниеге келіп, бақыттары екі еселенген жұлдызды отбасылар туралы жазуды жөн көріп отыр.

Жақында ғана қазақ ән өнерінің серісі, сырбаз да, салиқалы әнші Тоқтар Серіков пен оның жұбайы әнші Бейбіт Сейдуәлиеваның отбасында егіз ұлдар дүниеге келгенін ақпарат құралдары жарыса жариялады. Тоқтар мен Бейбіт енді үш ұлдың ата-анасы атанды. Тұңғыштары Беколжастың соңынан Әлинұр, Сағинұр атты егіздер ерді. Тоқтар Серіковтың айтуынша, өздерінің тұқымдарында егіздер көп көрінеді. Егіздердің әкесі болу бақыты енді міне Тоқтар мырзаның өзіне де бұйырды. Осы жылдың 20 сәуірінде жеті айлық болып туылған сәбилер Әлинұр мен Сағинұр жақында ғана перзентхадан шықты. Бейбіт ханымның айтуынша, қазір сәбилердің жағдайы жақсы, тек салмақ қосу үшін олар біраз уақыт перзентханада жатып шығыпты.

Қазақ өнеріндегі жұлдыздардың ішіндегі егіздердің әкесі болу бақыты бұйырған тағы бір әнші жігіт бар. Ол «Муз Арт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов. Кенжебектің жұбайы Жәмилә Кәрима, Кәмилә атты егіз қыздарды дүниеге әкелген. Кенжебек пен Жәмиләның тұңғыштарының аты Ахмет. Бүгінде Аллаға шүкір, Кенжебектей танымал өнер иесінің балалары аман-есен өсіп келеді. Егіз қыздары мектепке баратын жасқа да жетті.


Өнерде жүрген қыз-келіншектердің арасында әнін де салып, бесікті де тербетіп жүрген келіншектерді халық қашан да мақтан тұтады. Әсем көркімен сахнаның сәнін келтіріп жүрген нәзікжандыларымыздың арасында сегіздетіп бала таппасада, егіздетіп, қазақтың санын көбейтуге үлес қосып жүрген аруларымыз да бар. Солардың бірі «Жапырақ жүрек жас қайың» деп ән салып, әдемі даусымен халықтың жүрегіне жол тапқан әнші Индира Расылхан. Индира ханымның Айдина, Дарина есімді егіз қыздары бар. Бүгінде қыздар бойжетіп, анасына қолқанат болып отыр.

Өнер көгінде жүрген азаматтардың әрбір ісі, отбасы дүйім жұртшылыққа үлгі. Аллаға шүкір, бүгінде біздің өнер жұлдыздарының бала санын көбейтуге деген талпынысы көңіл қуантады. Дегенмен біздің еліміздегі жұлдызды отбасыларда ең көп дегенде 5 баладан. Біз қазір кезінде 10-18 балаға дейін туған батыр аналарымызды аңыз қылып айтамыз.

Күні кеше comode.kz әлемдік жұлдыздардың арасында егіз бала сүйіп отырған отбасылардың тізімін жариялады. Олардың арасында атақты Джулья Робертс, Сара Джесика Паркер, Анджелина Джоли, Селин Дион, Мэрайя Керри секілді мегажұлдыздар бар. Голливуд жұлдызы Бред Пит пен Анджелина Джолидің алты бірдей баланы тәрбиелеп отырғанын көпшілік біледі. Алты баланың ішінде Нокс Леон, және Вивьен Маршелин атты егіз ұлы мен қызы бар. Селин Дион Эдди мен Нельсон атты егіз ұлдарды тәрбиелеп отырса, Мэрайя Керри Мароккан және Монро деген егіздердің анасы. Анджелина мен Селин Дионнан Дженифер Лопес те қалыспапты. Оның Макс және Эмми есімді сүйкімді егіздері бар. Әлемдік шоу-бизнесте егіздердің әкесі атану бақытына ие болған Рикки Мартинді және Патрик Демпсиді атауға болады. Ал Ресей жұлдыздарының ішінде белгілі актриса, тележүргізуші Мария Шукшина Фома және Фока атты ұлдарды тәрбиелеп отыр. Тағы бір кино жұлдыз Диана Арбенинаның Марта және Артем атты егіз балапандары өсіп келеді. Ал Александр Малинин Фрол және Устинья атты егіздерін ерекше еркелетеді екен.

 

Керек дерек
Мамандардың айтуынша, әлемде 70-80 миллионға жуық егіз бар екен. Олардың басым бөлігі Қытай, Жапония, Африка елдерінде тұрады екен. Біздің елімізде туылып жатқан егіздердің 40 пайызы ЭКО әдісі арқылы дүниеге келеді екен, ал қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 4-5 пайызды құрайды. Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында. Көш басында Нигерия тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер шарының төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орынға жайғасыпты. Мәселен, онда 250 қытайға бір егізден келеді. Қазақстандағы егіздер ең көп туылатын елді мекен ол – Қостанай облысындағы Тәгіл ауылы. Соңғы 20 жылда мұнда 29 жұп егіз бала дүниеге келген.Ал, Қазақстан бойынша егіздерге өмір сыйлаудан алдына жан салмай келе жатқан Қызылордалық келіншектер екен

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста