Бекжан Тұрыс: айдаладағы боратқа миымыз өртеніп жүргенде, айналадағы бораттар намысымызды сарып жатыр

Бекжан Тұрыс: айдаладағы боратқа миымыз өртеніп жүргенде, айналадағы бораттар намысымызды сарып жатыр

 Бекжан Тұрыс бүгінгі қоғамның әлсіздігін, ұрпақтың ұсақталуын, қазақ өнерінің жай-күйі туралы ой-толғанысын білдірді, Бекжан Тұрыстың пікірінше, қазір өзгенің қансығы бізге таңсық болып соның жетегінде кетіп бара жатқан ұлтқа айналып келе жатқандығымызды ашына жазды.

«Ұлттық өнер — ол бір ұлттың жүрегі, ар-намысы. Әрбір өнер сыйлайтын өнерпаз, өз өміріне өзек еткен өткенін қадірлеп, бүгінгісіне толғанып, ертеңінің қамын жеп отыруға тиісті. Өйтпейінше, өнерді азаматтық жүрекпен ұғу, оған азаматтық адал жүрекпен қызмет ету еш мүмкін емес. Елді ойландыратын, жұртты толғандыратын, ұлтты рухтандыратын дүниелердің діңкелеп тұрған шағы ғой. Бүгін де өзінікін жатсынып, жаттың жылтырағына жармаса кететіндер көбейді. Бүгінгі алуан мәдениет өзара әсер еткен тоғыспалы заманда, xас өнерді менсінбей нас өнердің жылымына түсіп, өзіне-өзі жат болып бара жатқан жастарды көріп мұңға батасың. Жаһандық жасанды тұрпайы мәдениет, теріс тәрбие, жат өнеге, жабайы үлгі, жағымсыз үгіт, кері насиxат санамызды улап жатыр. Не киімі келіспейтін, не аузында әні жоқ, тұла бойында көз тұрақтатар сәні жоқтарды да көріп келеміз. Көк жәшіктің ішінен көз бояушылық пен сөз бояушылықтан әрі асалмайтын «тіл безегіш» шоумендер әлі талай көрерменнің көзіне шыбын үймелетер… Айдаладағы Боратқа миымыз өртеніп жүргенде, айналадағы Бораттар намысымызды сарып жатыр. Міне солар нас бастырып, тақ-тұқ тазша балалар тас қаптырып, қырсыз қырттарың қысыр сөзбен алдап, өзге жұрттың қаңсығын жел ұшынан жалғап, өз басымызға өзіміз қоқыс төгіп жүрміз.

Ар-намысымыздың ақ сауытын Алдаркөсенің алба-жұлба тонына айырбастап ақымақ боп жүргенімізге күлеміз. Жалған, у шудан құралған «патриотизм» ұлттық руxтан санадан безінген ұрпақтарды өсіруде. Айғай-шудан құрылған жалған патриотизм — келешегімізге кемел, болашағымызға бедел бола алмайды!.. Иә, өр руxың болмаса, ұлтың да, жұртың да ішің де сыртыңда сау болмайды. Ұлттық руxымыз шынайы шыңдалмаса, ісіміз өрге баспайды. Ұлтын шын сүйе білетін терең ойлы текті ұрпақ қана ұлтымыздың руxын асқақтата алады» — деп жазды актер Инстаграм желісіндегі жеке парақшасына.

Baistars.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста