Бекзаттық болмыс биігінен көрінсек...

Бекзаттық болмыс биігінен көрінсек...

Таяуда Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Бекзаттық болмыс биігінен көрінсек» атты  конференция өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мәдениетті, тарихты және этнографияны қолдау қоғамдық қоры ұйымдастырған шара өте кең көлемде өтті.

Ұлт жанашыры, қазақ халқының арда ұлы, алаштың бекзаты Өзбекәлі Жәнібековке арналған жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырза қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекәлі Жәнібеков туралы жазған естелігін оқып берді. Сондай-ақ конференцияға Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезов, жазушы Жарылқасын Нұсқабай, әйгілі реставратор Қанат Тұяқбаев, «Ана тілі» газетінің редакторы Қали Сәсенбай және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Алқалы жиында Өзбекәлі Жәнібековтың көпке үлгі болар істері мен еңбектері жайлы құнды деректер айтылды, белгілі этнографқа арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстанның бірнеше аймақтарындағы мұражайлар қорындағы Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қызметіне қатысты құнды жәдігерлер мен ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы кітаптар қойылды.

«Өзбекәлі Жәнібеков – тек ғалым ғана емес, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін дамыту, ұлттық салт-дәстүрін жаңғырту ісіне үлкен үлес қосты. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамының жандануына, киелі Тайқазанның Қазақстанға оралуына тікелей басшылық етті», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Конференцияда алғашқылардың бірі болып сөз алған жазушы Олжас Сүлейменов Ө.Жәнібеков жайлы жүрек тебірентер естелігін айтты.

«Кеңес заманында мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан адамдарды ата десе, санаулы азаматтың ғана есімі ойыма оралады. Олар: Дінмұхамед Қонаев, Бәйкен Әшімов және Өзбекәлі Жәнібеков. Өзбекәлінің кезінде мемлектіміз гүлденіп, өркендеп, жақсы бір кезеңдерді өткерді. Ол көп адамға ұстаз, адал дос бола білді. Сол адамдардың арасында өзім де бармын. Өзбекәлінің жақсы бір қасиеті, ол кез келген адамды түсіне білетін. Айналасындағы адамдарға кеңесін айтып, қолдау білдіріп жүруші еді», дейді Олжас Омарханұлы.

Өзбекәлі Жәнібеков қазақтың «бес арысы» атанған А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Құдайбердіұлы «ісін» қайта қарайтын Орталық Комитеттің комиссиясын ұйымдастыруға мұрындық болып, Алаш партиясы көсемдерінің есімдері мен еңбектерін халыққа қайтару жөнінде көп жұмыс жасады. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов сөз қозғады.

«Өзбекәлі Жәнібековтың басқа еңбектерін айтпағанда Алаш қайраткерлерінің ақталуына сіңірген еңбегі бір төбе. Ол «халық жауы» деп айдар тағылған қазақ зиялыларына араша түсіп, олардың есімдері мен еңбектерінің халыққа танылуына барын салды», – деді Мұрат Мұхтарұлы.

 Ө.Жәнібековтің арқасында Ұлы даланың бірегей ескерткіштері сақталып, қалыпқа келтірілді. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Тәжік, Ақ Ұйық, Қарахан, Айша-бибі, Бабажа-Қатын кесенелері, Жаркент мешіті, Отырар ескерткіштері, т.б. бар. Ол Қазақстанда музей ісінің қалыптасуына зор ықпал етті, оның бастамасымен өңірлерде ондаған музей ашылды. Сондай-ақ ол  еліміздегі мәдени ошақтардың ашылуына себепкер болды, қазақ халқының көне музыкалық аспаптарын да зерттеді. «Шертер», «Адырна», «Алтынай» және тағы басқа фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. Ансамбль мүшелерінің ұлттық киіміне дейін мән берді.  

Белгілі этнографқа арналған жиынға Өзбекәлі Жәнібековтың туған-туыстары мен жақындары да қатысты. Әкесі жайлы қызы Жұлдыз естелігімен бөлісті.

«Әкем өте ғажап адам еді. Маған ол кісінің білмейтіні жоқтай көрінетін. Білімінің соншалықты тереңдігіне таңғалатынмын. Ол құдды бір қазақ, кеңес, бүкіл әлем энциклопедиясы секілді. Сан қырлы, өте сауатты адам болды»,  дейді Жұлдыз Өзбекәліқызы.

Конференцияға қатысушылар Ө.Жәнібековтың өмірі мен қызметі өскелең ұрпаққа үлгі екенін айтты. Оның есімін, еңбектерін насихаттауға әбден тұрарлық. «Өзбекәлі Жәнібеков туралы мектеп оқулықтарына енгізілуі тиіс, кітаптар жазылып, жоғары оқу орындарында дәрістер оқытылуы керек», – деді «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбай. 

Конференцияға қатысқан Ермек Тұрсынов, Санжар Керімбай сынды азаматтар Өзбекәлі Жәнібеков жайлы дәріс оқып, қазіргі қоғам дамуындағы ұлттық мәдениеттің орны тақырыбында пікір білдірді, қаламгерлер мен жастар арасында талқылаулар өткізді. 

Өзбекәлі Жәнібеков – өз елін жан-тәнімен сүйген турашыл, ұлтжанды азамат еді. Ол өзінің қазақ екенін мақтан тұтатын, қазақтың тарихын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын зерттеуден, дәріптеуден еш қымсынған емес.  Қазақ руханиятының қара нары атанған Өзағамыз кеңестік идеологияның тар шеңберіне бағынбады. Ол қашан да жастарға қолдау білдіріп, қазақ жастарын оқу-білімге, өнерге баулыды. Руға, елге бөлінгенді жаны сүймейтін Жәнібеков қазақ үшін қызмет етті. Алаштың ардақты азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың былтыр 90 жылдығы кең көлемде аталып өткен еді. Бүгінде арамызда өзі жоқ болса да, ол кісінің құнды еңбектері мен өз ұлтына жасаған игі істері ғасырдан ғасырға жете бермек. 

 Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста