"Бел көтерер" – баталы сыбаға

"Бел көтерер" – баталы сыбаға

Үлкендерді сыйлаудың, бағып-қағудың үлгісін бойы­мыз­ға сіңірген халықпыз. Бір әулеттің ортасында қарқарадай болып отырған елге қадірлі қария­ларға құрмет көрсету – ізеттіліктің белгісі.

Осындай кісілерді құрметтеудің бір көрінісі бұрындары қарт адамдарға арнап «Бел көтерер» деген тағам түрі әзірленеді екен. «Тоқсан көрем деген жасым ба еді, быламық жеймін деген асым ба еді», – де­ген­дей, жанары суалып, тісі түсіп, бойдан қуат кетіп, жасы келген адамдар быламық сияқты тағамды талғажау етіп, дәтке қуат күй кешетіні белгілі. Дегенмен оларға нәрлі тамақтар жеу керек. Осындай жағдайда сол кісілерге арнап әрі жұмсақ, әрі дәмді, қазы, қымыз, жент, ірімшік, сарымай, тал­қан сияқты құнарлы тағамдардан бойға сі­ңімді, асқазанға жеңіл етіп жасалатын сыбаға әзір­лейтін болған. Мұны балал­а­ры­нан бас­қа ағайын-туыс та, көрші-қолаң да, ауыл­дас­тары да әдейі дайындап әке­ле­ді. Қарт адамның көңіл-күйін көтеретін әңгіме-дүкен құрып, көңілін аулап қайтады. Сергіп, бір жасап қалған қария немесе кейуана оларға ризашылығын білдіріп, батасын береді. «Бел көтерер» Наурыз тойы кезінде беріледі. Бүгінде Тәуел­сіз­дігіміздің арқасында қайта тірілтіп алған Наурызды қал-қадерімізше тойлап келеміз. Ал енді осы бір ұмыт қалған салт-дәс­түр­ле­ріміздің ішіндегі «Бел кө­те­рер­ді» жандандырып, қайта қол­да­ныс­қа енгізсек және тек Наурызда ғана емес, айт, мереке-мейрамдарда да үлкендерге бе­рілетін сыбаға етіп, бүгінгі дәстүрлеріміздің қа­тарына қосып жіберсек, ұлтымыз үшін де, ұрпағымыз үшін де ұлағатты іс болар еді.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста