Белгілі актердің әйелі енесімен келіспей, үйінен кетіп қалған (видео)

Белгілі актердің әйелі енесімен келіспей, үйінен кетіп қалған (видео)

Отандық бағдарламаларың біріне қонаққа келген танымал актер әрі әзілкеш Мейіржан Түребаевтың жары сұхбат барасында енесімен ара қатынасы жайлы әңгімеледі. Дана Есееваның сөзінше, ол жолдасының анасымен түсінісе алмай үйден кетіп, бөлек тұруға мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде жеке кәсіптері мен вайнерлікті қатар алып жүрген өнерлі жұптың отбасылық өміріндегі бірқатар құпиясы ашылды.

Дана Есеева бастапқыда енесімен ара қатынасы қандай болғанын алғаш рет баяндады.

Ол салт-дәстүрді ата заңындай ұстанатын жанұяға келін болу қаншалықты қиын екені де тоқталды.

"Мейіржанның ата-анасымен беташар кезінде алғаш рет көріп, таныстым. Себебі, олардың салттары бойынша келінмен беташар болмай жатып, танысуға болмайды екен" , - деп әңгімесін бастады Мейіржан Түребаевтың жары.
Дана Есеева жолдасының анасымен қиындықтар қашан туындай бастағанын да айтып берді.

"Мен дүкен ашқанда қиындыққа тап болдым. Оған көп ақша құйылғандықтан оны жүргізу керек болды. Оның үстіне келіндік қызметке де үлгеру керек болды. Сол кезде жолдасымның туыстары маған үйде отыруға кеңес берген. Олар кісілер деген маған "келінсің ғой, келіндік қызметті атқару керек" дегендей ойын жеткізді. Басында мен дүкен ашып, жағдайымыз жақсара бергенде біз бөлек тұрдық. Кейін Мейіржанның ата-анасы қасымызға көшіп келді. Сол кезде қиындықтар басталды.
Күйеуім екеуіміз бірге тұрып көргендіктен, бір толқында болдық. Ал үйде үлкен кісілер пайда болғанда жағдай қиындай түсті. Оларға Алматыда бір орында тұрып қалмай, даму керек, үнемі қозғалыста болып жұмыс істеу керек екенін түсіндіру аса қиын болды. Жұмыс істегім келді, бизнеспен айналысқым келді. Келіндік қызметті, бала тууды, барлығын да жасауға дайын болдым. Тек бизнесті қатар алып жүрсем дегенмін. Отбасын асырауды жалғыз Мейіржанға артып қойғым келмеді. Қандай да болсын, көмек болса дегенмін.

Бірақ, оны түсіндіру өте қиынға соқты. Мәселенің бәрі жұмысқа келіп тірелген. Оларға келіннің жұмыс бабымен бір аптаға ұшып кетуі жат еді. Алайда, уақыт өте келе көнді. Бір-бірімізді түсінісу үшін екі жылдай уақыт кетті. Мейіржан ол кезде анасы екеуміздің ортамызда жүрді. Нақты ешкімді қолдап, біреумізге қарсы шыққан жоқ. Бірақ, маған бір рет қана қарсы болды. Сол кезде мен "бұл үйде бәрі маған қарсы болса, мен мұнда не істеп жүрмін?" деп ойладым" , - дейді Дана Есеева.

Ол енесімен түсінісе алмай, үйден кетіп қалған кезін де есіне алды.

"Отбасыда барлығы маған қарсы болғандықтан, мен ол үйден кетіп қалдым. Бұл жағдайдан демалуым керек болды. Сол кезде кетіп қалғаным дұрыс шешім болды. Ол енем екеуміздің арамыздағы проблема еді. Бұл екі әйел адамның арасындағы мәселе болған. Оған Мейіржанның қатысы жоқ. Ол кересінше, нағыз ер азамат сияқты іс-әрекет жасады.
Ол ата-анасымен бет жыртысып ұрысқан жоқ. Менімен де жанжалдасқан жоқ. Бұл жағдайдан кейін күйеуім екеуміз сөйлестік. Ол ата-анасымен сөйлесті. Бәріміз бір-бірімізден демалып алдық, бәрін түсіндік, ұғыныстық. Біраз уақыттан кейін, біз бар болғаны қайтадан түк болмағандай өмір сүре бастадық. Сол оқиғадан кейін бәрі жақсы жағына өзгеріп кетті. Қазір қарым-қатынасымыз өте керемет" , - деп ағынан жарылды блогер.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста