Бес қыздан кейін ұлды болған Бекболат Тілеухан дүркіретіп бесік той жасауда (фото)
Бес қыздан кейін ұлды болған Бекболат Тілеухан қазақы салт-дәстүрмен дүркіретіп бесік той жасауда деп хабарлайды NUR.KZ.
Қоғам қайраткерінің қуанышына өнер жұлдыздарының барлығы қатысуда. Олардың арасында айтыскерлер мен әншілер , елге белгілі кісілер бар.
Мұхамеджан Тазабек, Жандарбек Бұлғақов және Ернар Айдар, Ибрагим Ескендір, «Жігіттер» тобының әншілері, Тамара Асар құрметті қонақтар тізімінде.
Мәжіліс депутатының бұл қуанышында айтыс ұйымдастырылып, жаңылтпаш айтудан жарыс өтті. Сондай-ақ Майра Мұхамедқызы ән салып, қонақтарға бағалы сыйлықтар таратылды.
Ал бұл қуанышта Балғынбек Имашев, Сырым Әуезхан, Жандарбек Бұлғақов және Айнұр Тұрсынбаева, Тұрсынбек Қабатов асабалық қызмет атқаруда.
Айта кетейік, 51 жастағы Бекболат Тілеухан былтырғы жылдың қарашасында ұлды болған еді. Бесік тойы өтіп жатқан балақайдың азан шақырылып қойған есімі – Махмұт.