Бибігүл Жексенбай:"Бейсеннің ізбасарлары..."

Бибігүл Жексенбай:"Бейсеннің ізбасарлары..."

 

Бүгін журналистерге Бейсен Құранбек атындағы арнайы «Жігер» сыйлығы табысталды...

«Өткен шаққа естелік, болашаққа армандар апарады» дейді. Бұл естелікті қырық күн бұрын бастап жазып едім. Өткен шақта әңгіме қозғап қиын екен. Сонымен, менің естелігім әріптес, замандас, кезінде тіпті аздап сырлас достарымның бірі болған Бейсен Құранбекке арналады. Бейсенмен сонау тоқсаныншы жылдардың басында "Спорт" газетінің редакциясында танысып едік.

Мен ҚазМҰУ дың үшінші курс студентімін, курстасым Амангелді Сейтхановпен бірге жарты ставкада газетке жұмысқа тұрған кезім. Жасыратыны жоқ, спорт тақырыбына ерекше қызығушылықтан емес, бір жағынан мамандық бойынша тәжірибе, екінші жағынан стипендияға қосымша қаражат болар деп жұмыс істей бастаған едім. Редакцияға сабақтан кейін келіп, Сайын Тұрсынов, Қыдырбек Рысбек ағаларымыздан тапсырма алып,"Пушкинка" кітапханасына, сосын түрлі жарыстар мен спортшыларды іздеп кетеміз. Кітапхана дейтініміз, спорт түрлері, жекелеген спортшылар туралы білімім жоқтың қасы еді. Сондықтан, әртүрлі басылым беттерін ақтарып, спорттан ,"сауатымды" ашатынмын. Сөйтіп, бір тапсырманы бірнеше күн пысылдап жүріп жасап, жүз рет түзеп, күзеп тапсыратынмын. Бір күні "Спортқа" әскерден қайтып келе жатып, жолай соға салған "журналист" Бейсенмен редакцияда таныстық. Өте ұяң, сыпайы жігіт екен. Аппақ тістерін жалаңаштап, үнемі күлімдеп тұратын. "Спорттағы" ағаларының аузынан тапсырма , өтініш айтылып болғанша, елпілдеп, орындап үлгеретін. Жазуы да жылдам болып шықты. Журфакта оқымай-ақ, мақалаларды жеңіл де, тез жазды. Спортты да менен әлдеқайда жақсы білді. Маған тіпті ол келгелі тапсырмалар да жетпей қалатын болды. Мен ұзамай "Жас Алаш" газетіне ауысып кеттім.
Бейсенмен кейін, "Хабарда" жолықтық. Елордаға көшіп келген жылдар. "Бетпе Бет" бағдарламасын кезектесіп жүргіземіз. "Жеті күн" апталығына да жарыса сараптамалар жасаймыз. Жұмыстан алған пәтеріміз де бір жерде болып, көршіге айналдық. Үйіне қонаққа шақырады. Гүлмираның шәйін ішіп, үлкен Анасының (Бейсеннің қырқына жетер жетпестен бақилық болды деген қаралы хабар тарады. Жаны жәннатта болсын) әңгімесін тыңдаймыз. Бірде Анасы балконға шығып, құрақ көрпесін қағып алайын десе, Сары Арқа желі Жетісудың самал желі емес, көрпені жұлып әкетіпті. Сонда әжей, құрақ көрпем Бәйтерекке ілініп қалып, шетелдік қонақтардан ұят болмасын деп күлдірген. "Жеті бөшкенің" бірінде мен, тағы бірінде Бейсен, тағы бірінде Айдос Үкібай, тағы бірінде Зейін Әліпбек тұрды. Бір-бірімізге қонаққа барғышпыз. Олардың барлығы отбасы құрған. Балалы-шағалы. Мен сол жұмыстың соңында жүремін. Ұжым өте ұйымшыл, әңгімеміз де, әзіліміз де жарасады. Жұмыс қызықты. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Бірде, Бейсен маған: "Ренжімесең, бір сұрақ қойсам бола ма?" - деді. Ойымда ештеңе жоқ, "әрине" дедім. Ол бір жан-жағына қарап алды да, күлімсіреп:
- Сен тұрмысқа шықпай, осылай жүре бересің бе? – деп қарап тұр. Мұндай сұрақты басқа тұрмақ, анам да, әпке-жеңгем де қоймаған-ды. Бірден қалай жауап қайтарарымды білмей тұрып қалдым. Ол да, жаттап, дайындап алған сөзін ұмытып қалмайын деп тақпақтатын баладай,
- Әрине, қызметің, жұмысың, табысың бәрі жақсы, бірақ отбасылық өмірдің құндылығы басқа. Барлығының уақытында болғаны жақсы. Мүмкін, "көк етікті кезікпей, көне етіктіні менсінбей" жүрген шығарсың...Алайда, сыртыңнан көз салып, бата алмай, мен арқылы көңілін білідіргісі келген...
Мен екі қолымды көтеріп, осы жерден тоқта – тоқта деймін. Ол төпелетіп, біреудің аманаты мойнымда қалмасын дегендей, "кандидатын" мақтап жатыр, мақтап жатыр...
Шыны керек, қанша мақтауын асырғанмен, жүрекке әмір жүрмейді. Алайда, Бейсенмен бұл әңгіме маған үлкен ой салды. Жан-жағыма жақсылап қарап, бірнеше айдан кейін таңдауымды жасап, тұрмысқа шықтым... Шүкір, екі ұлым бар. Замандастарым балаларын үйлендіріп жатса, біз мектеп табалдырығын енді аттап жаттық.
...Кейін «Жетінші арнаны» ашып, жаңа жұмыс бастап жатқанда, бірге жұмыс істейік деп қолқа салып едім, ол:
- Мен сені керісінше, жер жәннаты – Жетісуға шақырайын десем деп әзілмен қайтарған...
.... Осыдан қырық күн бұрын қаралы хабар көпшілігімізге төбеден жәй түскендей әсер еткені рас. Өкінішке орай, соңғы айлардағы жағдайдан анасына, жарына барып, көңіл айтуға да мұршамыз келмей қалды.
Сол уақытта жаңадан тағайындалған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның Бейсен Құранбек атындағы арнайы сыйлық тағайындау жөніндегі шешімін естіп, өте қуандым. Бейсеннің ісі, сөзі, болмысы кейінгі жастарды нағыз жігерлендіретіндей, орысша айтқанда, мотиватор болғандықтан да, атаулы сыйлық "Жігер" деп аталды. Жас журналистер арасында жарияланған журналистік бәйгеге, бар жоғы бір айдай ғана болса да, еліміздің түкпір түкпірінен жүзге жуық жұмыс жиналған! Және қандай жұмыстар?! Сайдың тасындай, іріктеліп алынғандай! Әділқазылар алқасына үміткерлердің ең мықтысын таңдау оңай болмады. Ал, әділқазылар алқасында қазақ журналистикасының майталмандары Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Қайнар Олжай, Амангелді Сейтханов бар. Әлеуметтік тақырыптардың газетте де, телеарналарда да, әлеуметтік желілерде өткір көтеретін жас журналистер жетерлік екен. Бейсен Құранбек атындағы журналистер бәйгесі көрсеткендей, қазақ журналистикасының болашағы бар! Бейсеннің ізбасарлары бар! Сөзімнің басында айтқанымдай, «Өткен шаққа естелік, болашаққа армандар апарады». Жас журналистердің арманы орындалып, Бейсен ағаларындай миллиондардың жүрегіне жол тапсын дейміз.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста