Білім берудің сапасын арттыратын кітап жарыққа шықты

Білім берудің сапасын арттыратын кітап жарыққа шықты

Алматыдағы Демократия үйінің баспасөз орталығында педагогика ғылымының докторы, профессор, еліміздегі салыстырмалы педагогика ғылымының негізін қалаушы Асқарбек Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. Оған педагог ғалымдар мен білім саласының жетекші мамандары қатысты.
Қазақ және орыс тілдерінде жарық көр­ген аталмыш монографияда әлемдік озық елдердің білім беру жүйесі терең зерттеліп, еліміздің білім саласын дамыту­дың тың жолдары қарастырылған. Нақты талдаулар жасай отырып, автор білім са­па­сын төмендетуге алып келген объек­тив­ті және субъективті факторларға тоқтала­ды. Сонымен бірге ол еліміздегі мұғалім кадр­ларды даярлауға деген көзқарасты білім беру саласындағы көшбасшы елдер тәжірибелері негізінде түбегейлі өзгерту керек екендігін алға тартады. Ол 12 жыл­дық мектеп жүйесінің моделін қайтадан қа­рауды, 12 жылдық мектепке көшудің мем­лекеттік бағдарламасын әзірлеуді және жеке Білім министрлігін құруды ұсы­на­ды. Қалай десек те, айтылған ұсыныстар әділ, салмақты әрі нақты. Енді оның іс жү­зінде жүзеге асуы – тиісті министрліктің құ­зырындағы мәселе.
Аягүл МИРАЗОВА, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры, Қазақстанның Еңбек Ері:
– А.Құсайыновтың бұған дейінгі ең­бек­тері де Отаным деген азаматқа ізгі ойлар салатын. Бұл кітабында көрнекті ғалым пе­да­гог осы деңгейінен одан әрі көтеріле түскен. Зерттеушінің ел болашағы үшін дә­йекті ізденістерінен жасалған тұжырым­да­ры патриоттық жанашыр тілектен туған. Зерт­теуді өз Отанын шын сүйген азаматтың адал еңбегінің үлгісі деуге болады. Менің мек­теп басшысы ретіндегі қызметіме бай­ланысты зерттеудегі көтерілген ұстаз мәр­те­бесі, білім саласының көрсеткіштері жә­не жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәр­бие­сінің мәселелері, ұстаздардың, елімізде біл­ім беру саясатын іске асыруда шығарма­шы­лықпен еңбек етулеріне негіз бола ала­тын соны пікірлер деп айтар едім. Білімнің негізі бастауыш мектепте қаланады. Сон­дық­тан бастауыш мектеп ұстаздарын да­йын­дау мәселесін арнайы зерттеп, автор айт­қан ұсыныстарды ескеріп, оларды жү­зе­ге асы­руда нақты шешімдер қабылдау керек.

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, Германияның доктор-инженері, педагогика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті:
–Менің бар арманым біздің жастары­мыз, қазақ балалары, ғаламдану заманын­да бәсекеге қабілетті азамат болып өссе екен деймін. Ал бәсекеге қабілеттіліктің не­гізі отбасынан, мектептен бастау алаты­ны сөзсіз. Осы кітапта шамамның келгенін­ше әлемдегі озық елдердің білім беру тә­жі­рибесін зерттеп, біздің жағдаймен байла­ныстыра отырып, жастар тәрбиесіне мән беріп, олардың сапалы білім алулары ту­ра­лы ұсыныс-тілектерімді жеткіздім. Енді оның бағасын халық өзі бере жатар. Ендігі тілегім – осы кітапта көтерілген мәселелер, ай­тылған ойлар әрі қарай нақты іс жүзінде жүзеге асып, еліміздің білім сапасы көте­ріл­се екен деймін. Мына ғаламдану зама­нын­да тәрбиелі һәм бәсекеге қабілетті ұр­пақ өсіру басты мақсатымыз болатынына сенім білдіргім келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста