Бір "Әулетке" бар қазақтың болмысын сыйдыра білу де бір өнер
Қазақы болмыстың айнымас көрнісі ауыл өмірінде жатыр. Адам тағдыры, заман ағымы қанша өзгерсе де өз қалпынан ауытқымайтын бір құндылық ол – адамгершілік, бауырмалдылық. Осындай алуан ұғымдарға өзінің сырлы да, сынды оқиғаларымен жауап беретін «Әулет» телехикаясы қалың көрерменді бей-жай қалдырмасы анық. Бүгінгі өміріміздің қат-қабат тынысы телехикаяның өн-бойынан көрініп тұрады.
Қазақта «әулет» деген ежелден киелі ұғым. Әр адамның өз әулеті бар. Әр қайсымыздың ішкі әлемімсыйдыізде «әулет» хикаясының сан түрлі тағдыр мен драмаға толы көрнісі шынайы өмірімізде өрбіп жатады. Ағайында бауырлар арасындағы өкпе-наз, тұрмыс түйіткілдері, тағыдыр мен сезім бәрі-бәрі пенде басынан көшіп жатқан ғұмырдың бір бөлшегі екені де даусыз. Астана арнасынан шығып жатқан жаңа телехикая «Әулеттің» де көтерген жүгі осындай.
Телехикая ауыл өмірін суреттейді. Әр кейіпкердің өз әлемі, өз тағдыры оқиға желісімен өрбіп, кейде жүректі тебірентсе, кейде ыза-ашуды ды қозғап отырады. Әрине, бұл киноның заңдылығы. Егер оқиға желісі мен кейіпкер бейнесі көрерменді жетелеп ерте алмаса, сол кейіпкер мыңдаған көрерменді өз әлеміне тарта алмаса онда бұл өмірдің шынайы болмысын дөп баса алмаған туынды болар еді. «Әулет» телехикаясы талай жанның көкірек көзіне талай құндылықтың сәулесін құйды. Себебі, ондағы оқиға, ондағы образ бәрі-бәрі біз кешіп жатқан жалған дүниенің шынайы көріністерін дөп басады.
https://www.youtube.com/watch?v=EDjGAc_m-lg
Әулет дейтін киелі ұғымды қастерлемейтін қазақ баласы жоқ шығар. Ал сол әулетке ұйытқы болатын әкелер бейнесі, береке-бірлікті ұстап отыратын аналар образы, бір әулетте өсіп-өнген бауырлар арасындағы қарым-қатынас бәрі де бүгінгі өмірдің шындығымен ашылған. Бірі еңбекқор, бірі ата-ана алдын кесіп өтпейтін ибалы, бірі қала өмірін көріп өскен кәсіпкер. Осындай сан түрлі бейнелердің қайшылығы, ішкі тартысы, тіпті кейде адамдықтың шеңберінен де шығып кетіп, жаман ойға берілетін сәттері де оқиға көрінісімен өмір шындығындай қабаттаса беріліп отырады. Әйелдің тіліне еретін еркек өзінің бауырларына қарсы шығып кететін тұстары да өмір шындығы екені мәлім. «Мың күн сынбаған шөлмек бір күнде сынады» дегендей әулеттің де берекесі қашып, шаңырағы ортасына түсуі де бір-ақ сәт. Кейде кейіпкерлері адамдықтан адасып, жалған намыспен бәрін жоққа шығара салады. Дәл сондай сәтте бәріне ара түсіп, бауырлар арасындағы араздыққа, қиын сәтте қалғанда қолынан ұстап, жарық дүниеге қайта әкелетін әке бейнесі телехикаяның ең жарқын тұстары. Әулет үшін, ұрпақ үшін бәріне баратын әкелер бейнесінің асқақтағанын көресіз. Адам пендесі көп жерде істің байыбына бармай тұрып ашуға бой ұрып, көңілге қырау түсіріп, жақындарынан алыстап кететіні бар. Ол да шындық. Бірақ, бәрінен бұрын адамдық болмыс, бауырмалдылық, отбасылық құндылық қымбат екенін түсінесіз. Бір әулеттің бастан кешкен сан-қилы оқиғасынан бүкіл қазақы болмыстың құнды көріністерін көре отырып, адамға бауыр қымбат екенін түсінесің. «Әулет» телехикасы осындай өмір сабақтарымен тоғысқан жаңа туынды. Телехикаяны Астана арнасынан, дүйсенбі-жұма аралығында, 19:00 де тамашалай аласыздар.