«Бір кем дүние» – ой салатын дүние

«Бір кем дүние»  – ой салатын дүние

«Біз екі аяқтыларға тиіспейміз. Тіршілік заңы солай. Егер олар заңдылықты бұзса, жаратушы алдында өздері жауап береді. Ал біз, бөрілер, сертімізге берік болуымыз керек!» Күңіренген қара қобыздың үнімен қасқырлар үйірінің тіршілігін суреттеуден басталатын қойылымдағы адам мен табиғаттың, бар мен жоқтың,  өзге де жаратылыс иелерінің арасындағы тартыс – көрерменін еріксіз алға жетелей береді екен. 
Бұл – Астанадағы Қаллеки театрында тұсауын кесіп, елордалық көрерменнің на­зарына ұсынылған  жаңа қойылым – көр­некті қаламгер Шерхан Мұртазаның «Теке­бұр­қақ» әңгімесінің желісі бойынша жа­салған «Бір кем дүние» драмасы.  Шы­ғар­маның сахналық нұсқасын қоюшы ре­жиссер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақ­ов, спектакльді музыка тілінде сөй­лет­кен – Еділ Құсайынов. Режиссер бұған дейін де А.Сейдімбектің «Күзеуде», Б.Васильев­тің «Завтра была война» шығармаларының сахналық нұсқасын жазып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген болатын.
«Бір кем дүние» драмасы адам мен табиғат арасындағы байланысты саралап, пен­де атаулының табиғат пен өзге де жа­ра­тылыс иелеріне деген салғырттығы ­мен қаты­гездігін сахналық тілмен жеткізуге ты­рысады. Тіршілік иелерінің ең саналысы да, ең қатыгезі де – адамзат баласы. Қа­рыш­­тап дамыған өркениет Табиғат-анаға қан­шалықты қауіп төндіруде? Қойылым бары­сын­да табиғи тепе-теңдікті саналы түр­­де бұ­зушы адамдар мен тіршілік үшін ар­па­лыс­қан жануарлардың өзара ұқсас­ты­ғын әрі айырмашылығын тамашалай аласыз.
Режиссердің өзі қойылым жайында: «Бір кем дүние» — Шерхан ағаның жаңа жи­нағының атауы. «Текебұрқақ» әңгімесі осы­дан 7-8 жыл бұрын қолыма түскен еді. Ал­ғаш оқып шыққанда-ақ мұның сахнаға сұра­нып тұрған дүние екенін түсіндім. Бірақ шы­ғарманы сахнаға лайықтау керек еді. Бас­тапқыда біршама жүрексініп жүр­дім де, Шер-ағаның 80 жылдық мерей­то­йына орай туын­дының сахналық нұсқа­сы­на байқау жа­риялағанда жазып шықтым... Өт­кен жылдың қараша айынан бастап қо­йы­лымға кірістік. Үш айдан аса уақытымыз­ды дайындыққа бөл­дік. Амандық болса, қойылымды көрер­мен­­дерге бірнеше рет ұсынып, иінін қандыр­сақ, автордың өзін де шақырамыз деп отыр­мыз. Әзірше, актерлер ойымның 70-75 пайызын ғана орындай алды», – дейді. 
Қуандық ҚЫСТЫҚБАЕВ, актер:
— Ең қызығы, мен мұнда Абадан рө­ліндемін. Қойылымда қасқырдың өзіндік ұста­нымы бар. Оның жүріс-тұрысы, сөй­леу мә­нерін ойлап табу — балетмейстер­лер, актер­лер мен режис­сер­ден құралған үштік одақтың бір­­лі­г­інің нәтижесінде шық­ты деп айта ала­­мын. Абадан бей­несі – Шер-аға­ның өзінің прототипі деуге болады. Да­йын­дық барысында кездескен қиын­дық­­тар­дың барлығын төккен тер мен ең­­бек­тің нәти­жесінде жеңе алдық. Ен­ді­гі бағаны көрер­меннен күтеміз.

Әшірбек СЫҒАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы:
— Қойылымда аңдар, жануарлар ақыл­дылау көрінді маған. Жалпы, спек­такль­де әлді мен әлсіздің мәселесі анық кө­рін­ген. Кейде біз үйірлерге жай ғана ер­сілі-қарсылы шауып жүрген аң ретінде ғана қараймыз. Бірақ солар өмір заңын сақтап, табиғатқа ке­сірін тигізбеуге тыры­са­ды. Ал, керісінше, адам­дар өмір заңды­лық­тарын, тепе-теңдікті бұзып жатыр. Бұл – шындық. «Бір кем дүние» — ой салатын спектакль. Динамикасы жақ­сы, әре­кетке құрылған, әртістер өте жеңіл қозға­л­а­ды. Және рөлді бекітіп, әртістерді іріктеуде режиссердің талғамы жоғары болған. Әсі­ресе мылқау келіншек – Шынар рө­лін­дегі актриса Айман Карпсейітованың ойы­ны ма­ған ұнады. Кейіпкерін көрер­мен­нің жүрегіне жет­кізе алды. Абадан рөліндегі Қуандық — тә­жірибелі актер. Ерекше атап өтейін, қо­йы­лымның музы­касы тақырыпты жан-жақты ашып тұр. Композитор Еділ Құсайынов өте та­лант­ты, шығыс сазына жан беріп жүрген жігіт қой. Спектакльде үйлесім бар. Режиссер жақсы жұмыс істеген. Бұл — театрдың ең­бек­тенген, тер төккен кезекті табысы.

Расында да, ә дегеннен-ақ баурап алатын  қойылым көрерменді еріксіз ойлантып, көп нәрсеге көзін ашады.  Соңында сіз өзіңізді бұ дүниенің қожасы емес, тек жаратылыстың бір ғана бөлшегі екеніңізді санаңызға шеге­леп шығасыз. Қойылымның айтар ойын сі­ңіру көрерменнің өз талғамында...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста