Бір тойдан 2-3 мың доллар табатын Керімбекова әншілердің жағдайы қиын екенін айтты

Бір тойдан 2-3 мың доллар табатын Керімбекова әншілердің жағдайы қиын екенін айтты

Өзінің қарапайым ауылдан шыққанын айтып, «халқым» деп сөйлейтін әншілер тойға келгенде сол халқының түсіне кірмейтін ақшаны сұрайды. Қандай әншінің қатысқанына байланысты тойдың да «авторитеті» көтерілетіні белгілі. Сосын, жағдайы келмесе де өзгеден қалмау үшін беделділерін тойға шақырып, жылдар бойы несие төлейтіндер бар.

Осы қаламақының соңғы жылдары неге көтеріліп кеткенін білгіміз келген. Сөйтсек, тойдан-тойға қатысып, уыстап ақша тапқанмен, кейбір әншілердің үйі жоқ екен. Атақты әншілер өнері үшін халықтан неге көп ақша сұрайды? Бұл сұраққа әнші Ақбота Керімбекова былай деп жауап берді:

– Біздің халықтың саны аз болғандықтан, шоу-бизнес толық дамымаған. Ең жақын деген Ресеймен салыстыруға келмейді. Еуропада,Түркияда жеке альбомыңды сатсаң едәуір қор жинайсың. Әрі шет елде әншілердің концертке немесе бағдарламаға түскеніне қаламақы төлейді.

Бізде керісінше танымалдығы жоқ «әншісымақтар» концертке қатысу үшін ақша береді. Болмаса «көкелерін» пайдаланады.

Мен 25 жыл сахнада жүргелі концерт, бағдарламаға қатысқан әншілерге қаламақы төлегенді көрмедім. Бүгінде мемлекеттік деңгейдегі немесе қайырымдылық кештерге шақырса көмегі сол бетіңді бояп беретін қыздарды дайындап қояды. Басқа қалаларда болса жол ақысын төлейді.

Әнші әнін халыққа жеткізу үшін бәрін ақшамен жасайтынын көпшілік түсінуі керек. Әуелі ақын мен сазгерді риза етуден басталады.

Біздің жас кезімізде қазіргідей шектен асқан қаламақы болған емес, әншінің еңбегінің ақысы халықтың тапқан ақшасына сай келетін. Ол кезде сазгерлер әндерін тегін беретін, сату деген түсінік болмаған. Қазір нарықтық заман қыспаққа алған соң, бәрі күнкөрістің айналасында жүр.

«Гүлдер», «Қазақконцерт» сынды мемлекеттік мекемелердегі әншілердің қаламақысы өте күлкілі. Мен «Гүлдерде» 2012 жылы жұмыс істедім. Айлығым 36 мың еді, қазір жалақылары 50-60 мыңға жетіпті. «Гүлдердің» атынан жоспар құрып, облыстарға тегін концерт қойып келуіміз керек. Сол ақшадан өзімізге айлық төлейтін. Мемлекет тарапынан әншілерге ешқандай қолдау көрсетпейді.

Республика сарайында шығармашылық концертіңді қоюға 15 млн теңге кетеді. Облыстардың өзінде концерт қоятын залды жалға алуға 300-600 мың теңге бересіз. Концерт беру үшін ақшаны өз қалтамыздан шығаратынымызды халық біле бермейді. Сол үшін қазір әншілердің негізгі табыс көзі тойдан түседі.

Қайрат Нұртастың 7-8 мың доллар қаламақысы көп әрине, бірақ мұндай бағаға күнде тойға бармайды. Жағдайы жоғары, қазақ әншілерін менсінбейтін, тойына әншілерді Ресейден, Өзбекстаннан, Түркиядан шақыратындардың тойына барғанда осындай қаламақы талап етеді.

Шетелдіктерді шақырып, арасына 1-2 қазақтың әншілерін қоса салатын, менсінбеушілік танытатын азаматтар баршылық. Мақпал Жүнісоваға риза болатыным, тойға шақырған кісінің алдымен жағдайын біліп, төмендеу болса қаламақы бағасын төмендетеді. Осыны жастар ұстанса екен.

Қаламақым 2-3 мың доллар көлемінде. Ол қатып қалған баға емес, жағдайға да қараймыз. Ән өңдеудің өзі 100-150 мыңнан басталып сапасына қарай 1000-2000 долларға дейін көтеріледі. Клиптің өзіне жоқ дегенде 3000, 10000,15000 доллар жұмсалады. Тойда фонограммамен айтқаны үшін осынша ақша сұрайды деп ренжиді. Енді, ол жерде бәрі әніңді сүйсініп тыңдап отырмайтындықтан, меніңше жанды дауыста ән салу тиімсіз.

Қыз-келіншектер көбіне Аида Кауменова, Оксана Корби сынды тігіншілердің 1000-2000 доллардан басталатын эксклюзивті киімдерін алады. Халық алдымен әніме көңіл бөлгенін қалайтындықтан, көйлек пен әшекейге ысырап жасамаймын. Қазір қымбат көйлек киіп, түрі мен бет әлпетін басты назарға қойып ән айтатындар жетеді.

Ресейдің әншілері сахнада қымбат киінбейді. Олар халықты әнімен, өнерімен таңғалдырады. Әнші сахнада киген киімін көрсететін модель емес, сахна – киім көрсететін сән алаңы емес.

«Қырыққа дейін атыңды шығарып, абырой жинасаң, қырықтан кейін абыройың саған қызмет етеді» дегенді ұстанған сазгерлер алғашында әнін сыйлап, сосын «ставка» қояды. Бір сазгерлер маған тегін берсе басқаға сатуы мүмкін. Яғни, ақын сазгермен бірлікте жұмыс істеу бірде ақшаға, бірде сыйластыққа байланысты.

Қаламақысы шектен шыққандар, жұлдыз ауруымен ауырып жүргендердің атын атаудың қажеті шамалы. Халық кімнің әнімен, кімнің киімімен танылып жүргенін көріп отыр.

Әлеуметтік желіде «гонорары 1 млн теңге» деп жазылған соң Заттыбек Көпбосынұлына да хабарластық. «Тойдан түскен ақшаның ән жаздыруға кететіні айтпаса да түсінікті. Жалпы, кімнің не шаруасы бар? Халықтың ақшасын халыққа жұмсау әр өнер адамының жұмысы. Бізден де байып жатқандар бар. Арасында тегін баратын тойлар да көп. Мұндай сұраққа жауап бермеймін» деп қысқа қайырды.

Жазып алған Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ,
rgmedia.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста