Бірлігі бекем ақын отбасы

Бірлігі бекем ақын отбасы

Лев Толстой өзінің атақты романында «Бақытты отбасылар бірдей бақытты» деген екен. Шындығында, солай ма? Өйткені танымал адамдардың өмірі мен отбасы қарапайым халықты қызықтырмай қоймайтыны анық. Абайдың айналасы туралы «Абай жолынан» білеміз. Ал өз ғасырының шоқ жұлдызындай жарқ еткен біртуар ақын Мұқағалидың шаңырағы туралы не білеміз?
Құдай қосқан қосағы Лашынмен мұз­балақ ақын бес перзент сүйді. Тұң­ғышы Майгүл тағдырдың жазуымен оқушы шағында мотоцикл қағып кетіп, жазым болған. Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпандар қазір үйлі-баранды. Әкесі өмірден өтерде небәрі тоғыз жаста болған сүт кенжесі Шолпан әке мен ана арасындағы махаббатты ел-жұрт бейпіл сөзбен был­ғағаннан ада, пәк, шынайы махаббат пен сыйластық болғандығын айтады.
Шолпан МАҚАТАЕВА, ақынның кенжесі:
– Әкеміз жазуға отырғанда, жұмыс істегенде анамыз: «Әкелеріңнің мазасын алмаңдар. Жұмыс істесін», – деп бізді бөлек алып кететін. Үйде өлі тыныштық орнағанда, әкем ерекше шабыттанып: «Маған өлең құйылып келеді, жазып үлгермей қаламын», – дейтін. Жұмыстан тыс уақытта балаларын ойнатып, қыдыртуға да уақыт табатын. Есімде қалғаны, Республика сарайы ашылған тұста әкем шешем екеумізді ертіп, өзбек өнерпаздарының кон­цертіне барған едік. Концертке әкем апыл-ғұпыл киінбей, алдын ала да­йын­далып, ерекше әрленіп баратын.
Мұқағалидың жары Лашын апа­мыз жан серігінің барлық шығармасын жинап, басуға мұрындық болғанын біле­міз. Жұбайы өмірден өтсе де, тек жақ­сылығын айтып, есіне алып, үнемі аузынан тастамаған екен. Мұны қазақтың маңдайына біткен дарынның қадіріне жете білгендігі деп ұққан жөн. Лашындай анасының ізін басып, Мақатаев мұрасын насихаттауды қолға алған Жұлдыздың жары Бақытгүл апай 2005 жылы М.Ма­қа­таев атындағы халықаралық қорды ашып, ерлік жасады.
Бақытгүл Айдарова, Мұқағалидың келіні:
– Атамыз өзінің күнделігінде: «Егер менің шығармаларым қатталып басы­лып шығар болса, өзінің жазылған уа­қыт ретін сақтаса екен», – деген ойын жазған екен. Сол арманын жүзе­ге асырмақ ниетте осы уақытқа де­йін шық­қан атамыздың барлық шы­ғар­ма­сын хро­нологиялық ретпен топ­тас­тырып, 1500 беттен тұратын үлкен кітап етіп шығарып, ақынның 80 жыл­дық тойына тарту етпекпіз. Бұл кітапты шығаруға Мәдениет министр­лігі қол­дау білдірсе, тағы бір өлең­дер жинағын Тұңғыш Президент қоры шығарып жатыр. Ал атамыздың өлең­дерін орысша сөйлеткен Жанат Мұ­хам­бетовтің аударма кітабын мерейтойға әзірлемек едік, бірақ үлгермей жатырмыз.
Менің негізгі мамандығым – құрылыс инженері. Қара шаңыраққа ие болып отырған соң, өзімнің жобам бойынша арнайы үй салдырт­тық. Үлкен үйді сал­дыр­тудағы басты мақ­сатымыз – атамыздың туған күні 9 ақ­панда жылда дәстүрлі түрде Мақа­таев­тардың басын қосып, ата­мыздың бала-шағасын жинап, атаның өлең­дерін оқып, ән шырқап, еске алу ке­шін ұйымдастыру.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста