Біз Бахтияр Тәбиев екеуіміз «Жас тұлпардың» эмблемасын, туын жасайық деп Әуезовке ұсыныс айтқан едік.

Біз Бахтияр Тәбиев екеуіміз «Жас тұлпардың»  эмблемасын, туын жасайық деп Әуезовке ұсыныс айтқан едік.

Асаналы Бейшенов, Қырғызстанның Халық суретшісі:
Таяуда Алматы қаласында өткен «Жас тұлпар» ұйымының 50 жылдық мерейтойына сонау Қырғызстаннан белгілі суретші Асаналы Бейшенов арнайы келген еді. Алматыға ат терлетіп келген Қырғызстанның халық суретшісі Асаналы Бейшенов «Алаш айнасына» сұқбат берген еді.

– Асаналы аға, Қазақстанға қош келіпсіз! Сіз сонау 1960 жылдары Мәскеуде құрылған қазақстандық жастардың «Жас тұлпар» ұйымының туын жасауға атсалысқан екенсіз. Міне, енді жарты ғасыр өткен соң егеменді қазақ еліне келіп ұйымның мерейтойына қатысып отырсыз...
– Біріншіден мен «Жас тұлпардың»  50 жылдық мерейтойына шақырылғаныма қуаныштымын. Мен 1970 жылдары Мәскеудегі В.Суриков атындағы мемлекеттік сурет академиясында білім алдым. Ол уақытта студенттік отрядтар деген болушы еді. Осы отрядтың құрамында жүріп алғашқы жылы Қазақстанға бұрынғы Целинаград (қазіргі Астана) қаласына келдік, екінші жылы жолымыз Семей қаласына түсті. Сол тұста Мұрат Әуезовпен танысқан болатынбыз. Мұрат бастаған қазақ жастары ол кезде халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, патриоттық рухты көтеруге еңбек етіп жүрген болатын. Олардың ұйымдастырған концерттері, әдеби кештері өте қызықты еді. Біз қазақстандық суретші Бахтияр Тәбиев екеуіміз «Жас тұлпардың» өзіндік эмблемасын, желегін (ту) жасайық деп Мұрат Әуезовке ұсыныс айтқан едік.  Сөйтіп қара, қызыл, көгілдір түстер бетіне тұлпардың суретін салдық. Қара түнектен шығып, қызылдан аттап, көгілдір түске жетеміз деген идея Бақтияр Тәбиевтікі еді. Осы желегімізді Алматыға дейін алып келіп, арқамызға жамылып тұрып жергілікті арналарға сұқбат та берген едік. Өкінішке орай, бұл тудың түпнұсқасы сақталмай қалды. Кейіннен қайта жаңғыртып салдық.
– Бүгінде қазақ суретшілерімен қарым-қатынасыңыз қалай, шығармашылық байланыстасыз ба?
– Мен Мәскеуде оқып жүрген кезімнен бастап қазақстандық суретші жігіттермен өте жақсы достық қарым-қатынаста болдым. Өкінішке орай, бүгінде олардың қатары сиреп қалды. Бахтияр Тәбиев, Қалжан Айтпаев, Исатай Исабаев, Алдан Сыдыханов секілді мықты суретшілер өмірден өтіп кетті. Қазір осында Еркін Мергенов деген суретші досым бар.
– Қырғызстандағы бейнелеу өнерінің жай-күйі қалай?
– 1990 жылдары Кеңес одағы ыдырағаннан кейін басқа да одаққа мүше болған елдер секілді Қырығызстанда да мәдениетке көңіл бөлінбей қалды ғой. Әсіресе шығармашылық адамдарына ауыр тиді. Мемлекеттік тапсырыстар болмаған соң, еңбектеріне сай ақы төленбеген соң суретшілердің көбі шығармашылықтан алыстап қалды. Бір кездері шет мемлекеттен келгендер біздің суретшілеріміздің картиналарын қызығып алатын. Кейіннен бұл да болмай қалды. Одан кейін суретшілер нарыққа лайық, яғни сұранысқа ие суреттерді салып күн көруге көшті. Қазіргі таңда суретшілерде еркіндік бар. Қай жанрда қандай сурет саламын десе әркімнің еркінде. 
– Сіз Кеңес кезеңінде сурет өнерін меңгерген дәстүрлі бейнелеу өнерінің өкілісіз ғой. Қазіргі нарыққа лайық бағыттар жайлы ойыңыз қандай?
– Еуропада сол 1960-70 жылдардың өзінде түрлі бағыттар жақсы дамыған болатын. Алайда біз оқыған тұста идеологияның әсерінен болар бейнелеу өнеріндегі реалистік бағытқа баса назар аударылды. Бұрынғы кеңес одағының құрамында болған елдердің көбінде дерлік бейнелеу өнеріндегі реалистік мектеп жақсы дамыған. Бүгінде ТМД елдеріндегі оқу орындарына шетелден көптеген студенттер келіп осы бағытты игеруге талпынуда. Қарапайым ауылдан шыққан өзіміздің жастарымызда да бейнелеу өнеріндегі реалистік бағытқа деген қызығушылық басым. Әсіресе алғашқы курстарда қызығушылықтары жақсы байқалады. Дегенмен өзіміздің көп жастарымыз нарық заңына бейімделіп, басқа бағыттарды таңдап жатады. Әрине, әр бағыттың өз ерекшелігі бар. Бірақ меніңше, бүгінде идеялық мазмұны терең, тарихи құндылығы жоғары картиналар жоқтың қасы. Өйткені саудаға түсетін суреттер әркімнің үйінде, қалталылардың жұмыс бөлмелерінде ілініп тұруы үшін салынады дегендей. Ал мемлекеттік маңызы бар, ұлттық музейде тұратын тақырыптық суреттер салу бізде ақсап тұр. Мұндай картиналар салыну үшін мемлекеттен тапсырыс болу керек.
– Техниканың түр-түрі дамыған заман қылқалам шеберлерінің еңбектеріне әсерін тигізбей қоймады ғой. Бұрын суретшінің қылқаламынан туатын дүниелердің барлығы дерлік компьютер арқылы жасалады. Осы заманда бейнелеу өнерін дамытудың қаншалықты маңызы бар?       
– Бейнелеу өнері кез келген ғылымның іргетасы десек артық емес. Бұл өнер адамның ақыл-ойын толықтыратын, шығармашылық шабытын оятатын, табиғат анаға жақындата түсетін киелі өнер. Әлемнің өркениетті елдерінде өздерінің атақты суретшілерінің музейлері, галлереялары бар. Ал біздің елде таланттар жетерлік, бірақ оларды танытып, насихаттау кемшін түсіп жатады. Бір сөзбен айтқанда талантты суретшілерімізді бағалай алмай отырмыз. Бұл Қырғызсанға да, Қазақстанға да қатысты.
– Сіздіңше, бейнелеу өнерін дамыту үшін қандай әрекеттер жасалу керек? 
– Сурет өнерін балаға балабақшада, мектепте сіңіру керек. Жалпы бейнелеу өнері балаларға өте жақын. Бала алғаш қолына қалам алғанда сурет сала бастайды. Суретке деген ынтасы бар балалардың талабының жоғарылауына қолдау көрсетуіміз керек. Сондай-ақ біздің елдерімізде академиялық деңгейде бейнелеу өнерін оқытататын база бар. Ендігі уақытта жоғары оқу орындарында бейнелеу өнерін оқытудың әдістерін жаңғырту керек деп есептеймін. 

Қылқалам шебері жайлы
Асаналы Бейшенов 1941 жылы Қырғызстанда туылған. 1958-1960 жылдары Бішкектегі сурет училищесін тәмамдаған. 1960-1970 жылдары Мәскеудегі В.Суриков атындағы мемлекеттік сурет академиясында білім алған. Қылқалам шеберінің «Шабандар», «Базардан» секілді картиналары Третьяков галлереясына қойылған. Басқа да  40-қа жуық картинасы Бішкектегі ұлттық галереядан орын алған. Суретші тақырыптық суреттерді салуға машықтанған. Ол жылқының суретін, әйел затының, аналардың суретін салуды жанына жақын көреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста