«Біз көтерген шаңырақ»

«Біз көтерген шаңырақ»

15 мамыр – Халықаралық отба­сы күніне орай, ақтөбелік өнерлі отбасылар әдемі ән кешін ұйымдастырды. Өмірде де, өнерде де бірге жүруге бел шешкен жара­сым­ды жұптардың сахнада сы­зыл­­та салған әндері мен қосыла орындаған шығармалары көпші­лік­ке әдемі әсер қалдырды. Кеш­тен қайтқан әр көрермен екі кеме­нің басын тең алып жүрген жұбай­лар­дың өнерлеріне тәнті болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының бекітуімен 1993 жыл­дың 15 мамырынан  бастап бұл күн  Халықара­лық отбасы күні ретінде атап өтіліп жүр. Бұл дата әртүрлі мемлекеттер қауымдастығының назарын отбасының  толып жатқан  проблемаларына  аудар­ту үшін белгі­лен­ген күн болатын. Өйткені қоғамның негізгі институт­та­ры­ның бірі, адамзаттың әлеумет­тануының алғашқы қадамы болып табылатын отбасы уақыт талабына өз бетінше әсер етіп келеді. Яғни қоғамның қажет­тілігіне қал-қадерінше жауап беріп, қоршаған әлеммен бірге дамып, өзгеріп отырады. Адам өмірі отбасынан басталады. Сол отбасынан алған тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесінің нәтижесінде адамзат болып қалыптасады. Бір сөзбен айтсақ, отбасы деге­німіз – махаббат пен құрметтің, береке мен сүйіспен­шіліктің көзі.
Осыған орай Ақтөбе облысы әкімі жанындағы отбасы және қауымдастығының бастамасымен «Біз көтерген шаңырақ» атты кеш ұйымдастырылды. Мұны отбасы мүшелерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бірден-бір іс-шара деуге болады. Жобаның мақсаты елімізде рухани және отаншылдық құндылықтарды жаңартуға негізделген. Кешке өнер сахнасында қатар жүзіп жүрген 15 өнерлі шаңырақ қатысты. «Өмірде тағдыр айдап, кездестім өзіңменен» деп өмірлерін әнмен өрбіткен әр жұп өз шығармаларын әсерлі орындап, жиналғандарды өнерлеріне тәнті етті. Бірі – ұстаз, енді бірі басқа салада қызмет етіп жүрсе де, өнерді өмірлеріне серік еткен отбасылардың бүгінгі қойылымдары отбасының бірлігін одан әрі нығайту мен өнердің туын биік ұстай білуге негіз болды. Отбасында өсіріп отырған ұл-қыздары да өнерден құралақан емес жұбайлар қоғамға болашақ мәде­ниет жанашырларын дайындап өсіріп жатқандарын сөз арасында тілге тиек етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста