Біздің сүйікті Шәкен

Біздің сүйікті Шәкен

Қазақ киносының тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға Шәкен Аймановтың туғанына биыл 100 жыл. Өзінің қысқа ғана ғұмырында тек «Қазақфильм» киностудиясын құрып қоймай, жалпы қазақ киносының іргетасын қалаған дарын иесінің туған күні 15-ақпан. Дәл осы күні қалың қазақ сүйікті Шәкенін еске алды. «Алаш айнасы» тілшілері Шәкен Аймановтың мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып қайтқан еді.
Шәкен Айманов – қазақ кинорежиссурасының негізін қалаушы, нағыз шығармашылық адамы еді. Ол өзінің өнегелі ғұмырында талай жас режиссерді тәрбиеледі. Оның «Махаббат дастаны», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште» сынды фильмдері қазақ кино өнеріндегі көркем, төлтумалық, дархан, өміршең туындылар.
Халық әртісі 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1930 жылдары Семей қаласында білім алып жүрген шағында жас Шәкенді белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов байқап, Алматыдағы драма театрына шақырады. Театр сахнасында Шәкен Айманов көрерменнің есінде қаларлық образдар жасады. Кейіннен жас актерды кинемотография саласы қызықтыра бастады. Ш.Айманов кинода алғаш эпизодтық рөлдерде ойнады. Кино актері ретіндегі жұлдызды сәті жыр алыбы Жамбылдың рөлі еді.
Шәкен Кенжетайұлының тырнақалды режиссерлік жұмысы «Махаббат дастаны». Одан кейін Шәкең 1957 жылы ең алғаш «Біздің сүйікті дәрігер» атты мюзикл түсірді. Оның осы мюзиклында Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Серке Қожамқұлов сынды қазақ өнерінің майталмандары ойнады. Басты рөлді белгілі актер Юрий Памеранцев ойнаған болатын. Ал картинаның операторы Марк Беркович болса, музыкасын сол уақыттағы әлі таныла қоймаған жас сазгер Александр Зацепин жазды. «Біздің сүйікті дәрігер» күні бүгін халықтың сүйіп көретін картиналарының бірі. Таяуда режиссердің мерейтойына орай «Арман» кинотеатрныда осы картинаның жаңа өңделген цифрлық нұсқасы көрсетілді.  
Режиссер ретінде нағыз кәсіби шебер екендігін талайға мойындатқан Шәкен Кенжетайұлы мюзиклдан кейін өзінің «Алдар көсе»  фильмінде басты рөлді ойнады.

   Алдар көсе фильмінен корінісі
1969 жылы Шәкен Айманов «Тақиялы періште» фильмін жарыққа шығарды. Анасы баласына келіншек іздейтін бұл картинаны қазақ көрермені қанша рет қайталап көрсе де жалықпайды.  Мейірімге, жылылыққа тұнып тұрған фильм көрерменнің көз алдына сонау 1960 жылдардағы келмеске кеткен Алматының сұлу көрінісін, тұрмыс-тіршілігін келтіреді. Тағы да сол Зацепиннің жүрекке жылы әндері Ермек Серкебаевтың, Бибігүл Төлегенованың орындауында  ғажап сағыныш сезімін оятады.
Қазақтың ұлттық киносы дегенде тек ауыл, жұпыны тіршілік немесе ұлттық киім секілді тар түсініктен ада режиссердің ұлылығы сол, ол өз заманында сол заманға сай картиналарды халқына сыйға тартты.
Шәкен Айманов қазақ киностудиясын, кино үйін салуды армандады. Және бұл арманын Д.Қонаевтай көреген басшының қолдауымен жүзеге асырды. Қазіргі киностудиядағы киногерлердің айтуынша, Шәкен Кенжетайұлы киностудия төңірегіндегі шыршаларды да өз қолымен отырғызған.
Ирина Айманова, Ш.Аймановтың келіні:
– Есімде, қайбір жылдары Қазақстан киногерлерінің делегациясы Лондонға Шекспирдің 400 жылдығына арнайы шақырылған болатын. Сол кезде корольдік театрдың сахнасында Шәкен аға Отелланың монологын қазақша оқыды. Сонда залдағылар қазақша білмесе де оның орындауындағы монологты ұйып тыңдады. Отелланың монологы Шәкен Кенжетайұлының орындауында соншалықты ғажап, әсерлі болғанын әріптестері күні бүгінге дейін тамсанып айтып жүреді. Лондондағы салтанатты жиыннан соң Шәкен аға ағылшындарды қазақтың етімен таңғалдырды. Ол өзі ет асып, актрисаларға жаймасын жайғызып, жиналғандарға қазақтың ұлттық тағамын ұсынды. Ол өзінің қазақтығын қайда жүрсе де ісімен паш етіп жүретін ғажап жан еді.
1970 жылдары Шәкен Айманов өзінің ең күрделі әрі қызықты картинасы «Атаманның ақыры» фильмін түсірді. Бұл чекист Шадияров жайлы алғашқы қазақ трилогиясы еді. Басты рөлді режиссердің күйеу баласы, актер Асанәлі Әшімов ойнады. Ш.Аймановтың осы туындысын әлем бойынша 30 миллион көрермен тамашалды. Бірақ ұлы режиссер Шәкен Айманов өз туындысың осы жетістігін көре алмай көз жұмды.
1970 жылдың 23 желтоқсанында Шәкен Кенжетайұлы Айманов Мәскеуде автокөліктің астын түсіп қаза тапты. «Атаманның ақыры» фильмінің премьерасына бір апта қалғанда бар-жоғы 56 жасында қазақтың Шәкені дүниеден озды.

Шәкен – қазақ киносының әкесі. Қазақтың болмысын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін кино арқылы барша әлемге паш еткен Шәкен Айманов туған күнін қазақ киносының туған күні деп қабылдайды барша халық. Ұлы режиссердың торқалы тойы осы күннен бастап жыл бойы республика көлемінде аталып өтпек. Астана, Алматы Павлодар қалаларында Шәкен Кенжетайұлына арналған еске алу кештері ұйымдастырылады. Сондай-ақ Шәкен Аймановтың ғасырлық тойы аясында "Қазақфильм" киностудиясында қазақ киносының мұражайы ашылмақ. "Қазақфильм" киностудиясының басшысы Ермек Аманшаевтың айтуынша, болашақта режиссердің барлық туындылары өңделіп, цифрлы нұсқада жарық көрмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста