“Біздің жақтың салты енді осындай”: Желіде Роза Рымбаеваның Әлидің құдалығында айтқан сөзі тарады
Жақында ғана қолына келін түсірген Роза Рымбаева құдалықта өз жағының салты туралы айтқан сөзі желіге тарап кетті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды
Халықтың сүйіктісі Роза Рымбаева жақында "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбайды келін етіп түсірді.
Үлкен ұлы Әли Оқаповпен көңіл жарастырған Ақерке біраз уақыт бұрын желіге сурет жүктеген еді. Алайда ол кезде сүйіктісі туралы тіс жармаған болатын.
Құдалық тойында Роза Қуанышқызының өзінің құдағиына тілек айтып жатқан видеосы таралды.
"Мен ұлым Әлиді Америкаға оқуға кет деп жібергім келген. Алайда Әли өзі бас тартты. Себебі менің үлкен ұлым сіз бен ініме қолқанат болуым керек. Осында Қазақстанда қаламын деп кетпеді.
Ақмарал (құдағиы) енді екеуіміз осылардың қызығын көрейік, әдемі қартайып, бірақ алжымайық", деп қалжыңдады халықтың сүйіктісі.
"Өзінің салт дәстүрін құрметтейтін келінім болғанын армандап едім. Арманыма жеттім десем де болады. Қазіргі мына қиын күндеріміз артта қалып, дүркіретіп той тойлайтын күндерге жете берейік" - деп сөзін аяқтады әнші. Еске салсақ, келіні Ақерке Атырау өңірінің тумасы.
Видео инстаграмдағы qaz.stars паракшасында жарияланды.
ВИДЕО: www.instagram.com/tv/CERgG05n00H/