«Болашақ» бағдарламасының түлегі жетісулықтарға өнер көрсетті

«Болашақ» бағдарламасының түлегі жетісулықтарға өнер көрсетті

Талдықорғанда виртуоз-пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Есімхановтың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында алғашқы рет қазақ ұлттық аспаптары мен фортепиано қатар ойнады. Классикалық музыка кешінде Мұқан Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен халықаралық байқаулардың лауреаты, виртуоз-пианист Данияр Есімханов өнер көрсетті. «Болашақ» бағдарламасының түлегі тыңдармандарға отандық және әлем классиктерінің туындыларын шебер орындап берді. Сондай-ақ бұл кеште композитор-дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың фортепиано мен оркестрге жазған «Ой толқындары» атты шығармасының тұсауы кесілді. Данияр Есімхановтың айтуынша қазіргі таңда фортепиано мен ұлттық аспаптарға музыка жазған композиторлар санаулы. Бірінші болып, профессор Нағым Меңдіғалиев жазса, екінші астаналық жас композитор Арман Жайымды атап өтуге болады. Енді міне жетісулық сазгер Әли Алпысбаевтың туындысы тыңдарманға жол тартты. Кеш қонағы «Ой толқындары» шығармасының мелодиясы бай, гармониялары өте қызықты және өте күрделі екенін атап өтті.

inform.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста