Болашақ математиктер бас қосты

Болашақ математиктер бас қосты

Қазақ балаларының математика пәні бойынша қарым-қабілеті жылдан-жылға жоғарылап, есепке жүйрік жастарымыздың түрлі халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жүргенінің куәсі болып жүрміз. Бұл сөзімізге нақты айғақ, күні кеше Германияда өткен 50-інші Халықаралық математикалық олимпиадада Қазақстан ТМД елдерінің арасында тұңғыш рет ең беделді интеллектуалдық сайыстың ту-эстафетасын қабылдады. Сонымен келесі  51-інші халықаралық жарыс 2010 жылы Қазақстанда өтеді.

Ал дәл қазіргі кезде математика пәнінен жарыс Қазақстан бойынша қала-қалаларда өтіп, жас дарындар анықталуда. Бүгін Алматыда 16 қазаннан бері өтіп жатқан қалалық олимпиада мәресіне жетіп, жарыс ары қарай Тараз қаласында жалғаспақ. Еліміздің барлық аймақтарын қамтитын білім жарысында жүзден жүйріктер шығып, халықаралық олимпиадаға жолдама алады. Осы орайда Алматы қаласының бірқатар мектептері Халықаралық математикалық олимпиада туралы оқушыларға кеңінен мағлұмат беру, балалардың осы нақты ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ауданаралық семинарлар ұйымдастырды. Математика пәні бойынша семинар өткізген мектептердің бірі – Алматы қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектеп. Аталған мектепте өткен жиынға Медеу ауданындағы №159, 12,161 гимназиялардың, 163,172 жалпы білім беретін мектептердің есепке жүйрік дарынды балалары қатысты.

Жанар КАРИБАЙҚЫЗЫ, №33 жалпы білім беретін мектептің директоры:

– Елімізге әлем назары ауып отырған кезеңде Қазақстанның экономикалық өсуі, беделінің артуы жастардың интеллектуалдық деңгейіне тікелей байланысты. Болашақта мемлекетке ие болар ұрпағымыздың ғылым-білімді игеруі біз үшін өте маңызды. Осы мақсатта ұстаздар қауымы және жалпы ұлт болып қазмет етуге тиіспіз. Бүгінгі ұйымдастырып отырған шағын ғана шарамыз ертеңгі күні үлкен жетістіктерге жеткізетініне сеніммен қараймыз, – дейді.

Бүгінде №33 жалпы білім беретін мектепте көптеген дарынды балалар білім нәрімен сусындауда. Білім ордасының ұстаздары, әсіресе математика пәнінің мұғалімдері өз шәкірттері Василий Солодилов, Іңкәр Айтқұлова сияқты болашақ математиктермен мақтанады. Мектептер арасында достық кездесу ретінде ұйымдастырылған математикалық сайыста балалардың ұшқыр ойына куә болып, өз тарапымыздан біз де жас дарындарға сәттілік тіледік. Сондай-ақ бізді қуантқан тағы бір жаңалық, келесі жылы №33 жалпы білім беретін мектепте тек қазақ балалары біліммен сусындайтын болды.

Анықтама
1995 жылы Канадада ресми түрде Халықаралық математикалық олимпиаданың эмблемасы мен туы енгізілді. Жылда олимпиаданың жабылу рәсімінде туды келесі олимпиаданы ұйымдастырушы мемлекетке салтанатты түрде тапсыру дәстүрі қалыптасқан. Қазақстан аталмыш олимпиадаға тұңғыш рет 1992 жылы бақылаушы ел ретінде қатысты. Астана қаласында 2010 жылы өтететін 51-інші халықаралық математикалық олимпиадаға 110 мемлекеттен 600-ден астам жас математиктер, 300-ден артық команда басшылары және олардың орынбасарлары қатысады деп күтілуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста