Боралдайда дала мұражайы ашылады

Боралдайда дала мұражайы ашылады

Алматыдағы Боралдай сақ қорғандары таяу уақытта ашық аспан астындағы мұражайға айналмақ. Қазір бұл бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар қызу жүріп жатыр. Егер бәрі ойдағыдай жүзеге асатын болса, Қазақстан Оңтүстік Корея мен Венгриядан кейін әлем бойынша аспан астындағы мұражайы бар үшінші ел атанады. Бұл туралы кеше аталған аумақта ұйымдастырылған тазалық жұмыстары кезінде белгілі болды.

Жалпы, Алматы қаласында археологиялық және архитектуралық 170-ке жуық ескерткіш бар. Соның ішіндегі ең ірісі әрі табиғи қалпын сақтап қалғаны  осы Боралдай сақ қорғандары болып табылады. Қалалық «Мәдени мұра» бағдарламасына енген сақ қорғандарының аумағы 430 гектар жерді алып жатыр. Мұнда ертедегі темір дәуірінен қалған 47 үлкен қорған және үйсін дәуірінің   200-ден астам ескерткіші бар. Сақ қорғандарының биіктігі – 10-14 метр, ал диаметрі 80-100 метрге дейін жетеді. Бұл құнды мұра 2007 жылы Алматы қаласының тарихы мұражайына берілген көрінеді. Қазіргі уақытта аталған аумақты аспан асты мұражайына айналдыру бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, мұражайдың алдына төрт жүзге жуық жеміс ағашы мен шыршалар отырғызылыпты. Арнайы әкімшілік ғимарат та салынған. Территория аумағына қоршау тұрғызылуда. Жақында қазақстандық археологтар корей және неміс ғалымдарымен бірлесіп, кешенді археологиялық қазба жұмыстарын бастайды.

Айбек СЫДЫҚОВ, Алматы қаласы тарихы мұражайы директорының орынбасары:
– Бұл жерді аспан астындағы мұражайға айналдыру арқылы құнды мұраларымызды тиімді жолмен сақтап қала аламыз. Және туристерді тарту үшін де бірқатар шаралар қолға алынды. Мәселен, мұражай ішіне ұлттық киіз үйлер тігіп, ортағасырлық этнографиялық аумақ жасау көзделген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста