«Бөрте» бейнесін сомдайтын актрисалардың есімі белгілі болды

«Бөрте» бейнесін сомдайтын актрисалардың есімі белгілі болды

Түркістан музыкалық драма театрының шымылдығы ашатын «Бөрте» спектаклінде, басты рөлді ойнайтын әртістердің есімі белгілі болды. Тарихи қойылым әртістердің екі құрамымен сахналанбақ. Бірінде белгілі опера әншісі, әрі актриса Айя Шәріп, ал екінші құрамда Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың актрисасы Ақбота Рахат басты кейіпкерді сомдамақ.

 

Бұл жайында бүгін театр ұжымы  өткізген баспасөз жиынында айтылды.

 

Ақбота РАХАТ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

 

- Бұндай тұлғаны әрине ізденіс барысында өте қиын болды. Өйткені деректер аз болды. Бірақ та біз актриса болғандықтан өзіміздің қиялымызға да ерік беріп, біз жан жақты ізденіп, халыққа бұл рольді өзінің бір биік деңгейінде көрсетуге қазір еңбек барысындамыз. Енді бұның бағасын болашақта халық бере жатар.    

 

Ал, Шыңғыс хан рөлін бірінші құрамда Еркебұлан Дайыров, екінші құрамда Нұркен Өтеуілов  сомдайды.

 

Жазушы-драматург Дулат Исабековтың сиясы кеппеген «Бөрте» пьессасын сахналауға қажетті дүниенің барлығы жергілікті ұжымның қолымен жасалып жатыр,- деді театр директоры.

 

 Қазір әртістердің сонау замандағы киім -кешегі мен тіпті образды ашудағы маңызды шаш үлгілері, сақал-мұрттарына дейін сақадай-сай тұр. Гримдеуші қыздарға дейін инемен құдық қазғандай әрекет үстінде.

 

 Адель НҰРҚАСЫМОВА, ӘРЛЕУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, СУРЕТШІ ГРИМЕР:

                                                                                                               

- Мінекей, бәрі қолдан жасалған. Мынау Қоршидың паригі, мінекей Шыңғыс ханның париктары...Мынадай дүниенің бәрі қолдан жасалған. Әрбір шаш бір бірден тоқылған. Өте көп жұмыс жасалынды. Сол кездегі моңғалдар, меркіттер, қоңыраттар қандай болды, соның бәрін зерттеп,  эскиздарын жасап алдын ала дайындалған заттар бұның бәрі.

 

 

astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста