Бүгінгі баланың «дядясы» – Джетикс, «нянясы» – Nickelоdeon

Бүгінгі баланың «дядясы» – Джетикс, «нянясы» – Nickelоdeon

Отандық мультфильмге қашан көңіл бөлінеді? Олар жалпыұлттық арналардан қашан көрсетіле бастайды? Аталмыш салаға қомақты қаржы қашан бөлінеді? Үкімет қаракөздеріміздің тәрбиесіне қай уақытта көңіл бөлмек? Басылым бетін ашсаң да, радио мен теледидарды қоссаң да, тіпті интернет ақтарып отырсаң да, осы бір жауабы жоқ «жесір» сұрақтар алдыңнан кес-кестеп шыға береді. Айтылуындай айтылып, жазылуындай жазылып-ақ жатыр. Бірақ әлі күнге бір шешім табылар емес.
Көк жәшік төрімізге қонжиғаннан бері балақай­лар­дың «Ер төстік» пен «Алпамысты» оқып, «Балдырғанға» шұқ­шиюы күрт азайып кетті. Мультфильм өмірге келген күннен бастап, бүгінге дейін кино өндірісімен бірлесіп, күшті идеология қызметін атқарып келеді. Себебі ақсыл-ойы то­лыспаған, ортамен тілдік қатынасы толық жетіл­ме­ген сә­би­дің психологиясына ол әсерін тигізбей қой­майды. Кеңес үкі­меті кезінде алдымен қару-жарақтан, одан кейін арақ-ша­раптан, қала берді, мультфильм өн­дірісінен зор пай­да тапқаны анық. «Ну, погоди!» мен «Қызыл телпек», «Спо­койной ночи, малыши» қаншама ұрпақты тәрбиеледі емес пе?! Ал қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдардың «Қар­лығаштың құйрығы неге айырмен» тұсауы кесілген қа­­зақ мультфильмінің одан арғы тағдыры жыларман күйде...
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, (былтырғы деректер бойынша) елімізде 5 миллионға жуық бала бар. Оларды бірлі-жарымды мультфильмдеріміз бен ен­ді ғана қанатын қаққан «Балапан» арнасы, ат төбе­лін­дей ғана балалар газет-журналы қайтіп қана­ғат­тандырмақ?! Еріксіз шетелдің «Джетикс», Nickelоdeon, «Школь­ник-ТВ», «Теле­ня­нясын», «Уолт Дисней» түсір­ген мультфильмдерді тама­ша­лағанға мәз. Кеңес уақыты ке­зіндегі «Союзмультфильм» түсірген өнімдердің бір артықшылығы – ондағы кейіп­керлер кәдімгі аңдар болатын: қу түлкі, аңқау қасқыр, қорбаңдаған аю, ең­бекқор тиін, желаяқ қоян, сұлу қыз, батыр жігіт  тағы бас­қалары. Ал қазір... Спонч Боб, Шрек, Халк, Бэт­мэн, Супермен, Өрмекші адам, небір қорқы­нышты мутант­тар, роботтар... Мұнысымен қоймай, бай­қап отыр­саңыз, батыстың ала бөтен анимациялық фильм­деріндегі негізгі идея әлемді күшті қару-жарақпен, соғысп­ен жаулап алу дегенге саяды.
Кеңестік кезеңде «Мосфильмнен» еншісін алып, жеке отау боп құрылған «Қазақфильмдегі» анима­ция­лық студияның қызмет еткеніне 40 жылдан асыпты. Осы уақытта бар болғаны 150-ге жуық мультфильм тү­сі­рілген. Қазақ киносы десе, «Қыз Жібек», қазақ мульт­филь­мі десек, есімізге тек «Қарлығаштың құйрығы неге айы­р?» ғана түсетін дәрежеге жеттік. Бір жылдары Шым­кенттегі «Жебе» студиясының режиссері Керімбек Нияз­баев түсірген «Алдар көсе мен шайтандар» ани­мациялық фильмі Беларусьте өткен «Анимаевка – 2004» фестивалінде қазақ мультфильмін мойындат­ты. Осыған орай, интернет беттерінде шымкенттік Бақтияр Тайжанның «Қазақтың «Уолт Диснейі» Шымкентте негізін қалап жатыр» атты көлемді материалы жарық көрген болатын. Автор ойын қорыта келе, «...Ал қазақ ұлтының пайдасына десе, жүрегін суырып беруге бар, қанында намыс ойнаған жігіттер балдырғандарды тәрбиелейтін істі қолға алғанда, бұларды неге қолдауға болмайды?

Әмен Қайдаров, мультипликатор:
– Немерелерім Nickelоdeon арнасындағы мағынасыз анимациялық фильмдерді қызығып көреді. Ондағы мультфильмдерді көрсетпеуге тырысып бағамын, бала емес пе, менің көзімді ала беріп, бәрібір сол арнадағы мультфильмдерді көреді. Қазақтың қаншама таңғажайып ертегілері мен батырлар жыры бар, әттең, мультфильм түсіруге – қаражат қолбайлау. Үкімет мультфильм саласына көңіл бөлуді ұмытқалы қашан. Мультфильм саласының жырын айта-айта мен де шаршадым. Айтқаныңды еститін құлақ жоқ. Ұлттық арналарымыз отандық мультфильмдерімізді көрсетуге құлықты емес. Шетелдің арзанқол анимациялық мультфильмдерін көрсетеді. Біз балаларымыздың болашағын ойлауды ұмыттық қой...

«Аргументы и факты» апталығы «Жебе» компаниясының жұмысы туралы жаза келіп: «Қазақтың Уолт Диснейі осы жігіттерден басталады», – депті, ауыздарына май! Үкімет көмектесер, көмектеспес, бірақ қазақ балалары үшін дүниетанымды кеңей­тетін, ұлты үшін мақтандыратын мульт­фильмді «Жебе» шығарып жатыр. Шығара береді де!» деген болатын. Әзірге, «жебе­ліктер» иісі қазақ баласының көзайымына айнала алмай отырғандығы анық. Тағы да қаражат қол байлап отыр ма, әлде отандық телеарналар көрсетуге құлықсыздық танытып отыр ма? Беймәлім... Шынында, отандық телеарналардан оларды көрсету қанша қаржыны талап етеді екен?
Ең сорақысы, қазақ мультфильмінің бүгінгі халі – көк тайғақ мұз үстінде туылып қалып, төрт аяғын тең басуға дәрменсіздік танытып, тәлтіректеп тұрған құлынға ұқсайды...

Әттең-ай...
«Джетикс» арнасынан мультфильм тамашалап отырған кішкентай бүл­діршін анасынан бір басы – мысық, бір басы – ит кейіпкерінің дәретке отыр­атын жерінің қайда екенін сұраған екен. Бәлкім, таңсық көрінген болар... Nickelоdeonда күні-түні желісі үзілмей көрсетіліп келе жатқан сәбилердің «сүйікті» «Спанч Боб» мультфильмінің кезекті бір көрсетілімінде «жұмсақ ысқыштың» ішкиімін басына киіп алатыны бар. Соны көрген бала да өзінің «бүлдіріп» қойған ішкиімін басына киіп алған әрі мектепке бар­маған, тіпті тілі онша шықпаған бүл­діршін «ата», «ана» деудің орнына, «Спанч Боб», «Патрик» деп сайрап, солардың есімдерін айнытпай қағазға түсіретін көрінеді, дүкендердегі сө­релерде самсап тұрған «достарын» көзі шалып қалса, «алып бер» деп азар да безер болатын көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста