Бүгінгі заман туралы роман

Бүгінгі заман туралы роман

Көрнекті романист Сәбит Досановтың «Намыс найзағайы» деп аталатын жаңа кітабы мазмұн жағынан үлкен үш арнаны құрайды. Олар: Тәуелсіздік, Халық және Елбасы. Бұл орайда алдымен басын ашып алатын нәрсе – Тәуелсіздігіміз туралы бүгінге дейін мұндай бірде-бір көркем шығарма жазылмағандығы. Қандай да бір қоғамның замана тынысын тұтас қамти отырып көркем шығарма жазу үлкен жауапкершілікті қажет ететіні өзінен-өзі белгілі.

Бұл – Сәбит Досановтан өзге қалам­гер­дің тәуекелі жете қоймаған күрделі та­қы­рып. Саясат, экономика, мәдениет, көр­кем­өнер – бәрінің басын біріктіріп, бір зауыттан шығарғандай етіп көрсеткен талантына тәнті боласыз, шығармадан жазушының туған жер, Отанға деген қан тамыры лыпып соғып тұрғанын байқайсыз. Кітаптағы көрі­ніс­тердің барлығы кейіпкерлердің өмір ке­шу­і үстінде көрінеді. Яғни оқырман үшін қызғылықты, бейнелі суреттермен бері­ліп отырады. Романдағы ортақ желі Ақбас бүркітке байланған. Ол – Тәуелсіздік туымызды көтеріп самғап ұшып бара жат­қан бүркіт суретінің символы. Жазушы қиялы соны, сол ұлылықты меңзейтіндей.
Үлкен үш бөлім («Ғасырдың ға­жайып оқиғасы», «Өркениет өрісі», «Ал­ла­ның аманаты») түйіскен бұл роман бүгінгі күннің буы бұрқырап тұрған өзекті мәсе­ле­лерін қозғайды. Оқиғаға араласатын күре­та­мыр кейіпкерлер: Бақыткерек, Талап, Күр­леу, Тәрбие, Гүлнар, Тілеулес, Кенжекей тәрізді халық ішінен шыққан азаматтардың қай-қайсысы да – оқырман есінде сақталып қалатын бейнелер. Қоғам ісін алға жылжы­ту­шылар да – солар. Сеніп, иланып оқисың. Іс-әрекет, мінез-құлық жағынан біріне-бірі ұқса­майтын, толып жатқан заман­дас­та­ры­мыз­дың қазақ қоғамы алдында өздеріне тән арқалаған жүктері бар. Қарапайым бір мысал, оқымысты жігіт Күрлеу мен сыпайы, нәзік Сандуғаш қыздың сүйіспеншілік сәт­тері қандай оқырманды болсын соларға деген қамқорлық, тілектестікке шақырады. Достық көңілде отырып оқисың. Кітаптың негізгі арқауы өзіміз өмір сүріп жатқан тәуел­­сіз Қазақстанның мерейі болғанда, оны айшықтап жеткізуде романның өн бойын­дағы оқиға, көріністер қызмет ат­қа­рып, артынан сәтті үйлесімдер табылып жа­тады.
Романның аты айтып тұрғандай, бұл еңбек – Тәуелсіздігіміз арқалатып тұрған «Намыс найзағайының» жемісі. Қазақ­қа ғана емес, ізгі ниетті адамзат бала­сы­на шыт жаңа дауыспен жар салып, «ме­нің елімді көріңдерші, ұлтымыздан шыққан тұңғыш Президентімізді етене танып, ар­дақ­таңдаршы» деп тұрған құдайшылық таразы таным бар. Өзі тумысынан кең, дар­қан жаралған, жақсылыққа жаны құмар, өте еңбекқор жазушы Сәбит Досанов кезек­ті романын осылай жазуды өзіне зор міндет, ақаусыз борыш санағанын бай­қай­сыз. Қылаусыз сүйіспеншілік бар. Өзің ақ нанын жеп отырған Отаның жайлы оның қыр-сыры көркем ашылған сан салалы оқиға тізбектерін тұшынып оқисыз. Тәуел­сіз­дігіміздің төрешісі ретінде алынған Ақбас бүркіт біз көріп жүрген кәдімгі бүркіт қана емес, ол Қазақстан қоғамының бол­мы­сын екшеген әулие-абыз рухының сим­волы тектес. Соның параллель көрінісі іспетті. Үстімізден айналып ұшып жүрген қам­қор да қорғаушы бейне, Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан бері нендей күй, қандай ахуалдарды бастан кешіп, небір қиындықтарын артқа тастап, Прези­ден­ті­міз­дің жан пида еңбегінің, ерен күш-жіге­рінің арқасында күллі әлемге танылғанымыз көрініс береді. Талай мен деген мемлекетке асқақ арман болған Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­на мүше болу жетістігімен қоса, Қазақ­стан­ның Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымына төрағалық ету мәр­тебесіне ие болуы айдай әлемнің наза­рын аударып отырғаны да – «Намыс най­за­ғайы» кіта­бы­ның белі қайыса арқалаған жүгі.
Кітапта жаңа астанамыздың әлем наза­рын аударған сәулетті ғимарат, құры­лыс­та­рына дейін сөзсіз мақтанышымыз ретін­де суреттелген. Автор оның өзін де қоғам да­муындағы сатылардың қатарында қи­сын­ды орнымен көрсете білген.
Кітаптың белді кейіпкерінің бірі Ерасыл бейнесінде авторға ұқсастық көп десек те, ол оқиға жүлгесімен жақсы кіріге жым­да­сып, роман жүгін арқалап, туындының бе­де­лін арттыра түседі. Үш қабырға толған үй кітапханасында жер жүзінде Әуезов бас­та­ған ұлы жазушылардың айтулы шы­ғар­­ма­лары көз сүріндіріп, орын таласа сіресіп тұр­­ғанының өзі қаламгер кейіпкер ту­ралы ой салып, талай мағына аңғартады және шығармада қонымды түрде алынған. Бұл жалпы жазушы атаулының, қазақ жа­зу­­шы­ларының беделін биіктете түседі. Оның бәрі сән үшін босқа жиналып тұр­ма­ғаны бел­гілі. Яғни ауадан кейін шығар­ма­шы­лық­пен ғана тыныстап өмір кешетін, өзін сол жолда құрбан етерліктей оқу мен жа­зу­ға жаны құмар Сәбит Досановтың өзін та­ни­сыз.
«Алланың аманаты» аталатын үшінші бөлімге Ел мен Елбасы еңбегі тікелей арқау болған. Тек бұл ғана емес, автор Астана ғи­ма­раттарының іші-сыртын қолмен қой­ғандай суреттеген. Осы тұста айта кетер­лік жайт, автор мейлі осындай құры­лыс­тар жө­нінде, мейлі саяси өміріміздегі, эконо­ми­камыздағы табыстар жөнінде жаза ма, осының бәрі – біздің Тәуелсіздік алған еге­мен елімізге деген ынтық­ты­ғы­мыз­дың, сүйіс­­пен­ші­лі­гі­міз­дің белгісі. Жазушы халық үшін жазады дейтініміз сол. Ота­нын сүйген әр­бір аза­мат аты табылып қойылған «На­мыс най­за­ғайы» аталатын бұл кітапты өзіне үлгі ет­се болады.
Ізденімпаз жазушы Сәбит Досанов бұл кітапта тек жетістіктерді ғана күйттеп кет­пей, қоғамдағы кейбір рухани олқы­лық­та­ры­мыз бен экономика жағындағы қор­да­ланып жүрген кем-кетіктерімізді де достық ниетпен қатар алып отырады. Жазбай отыра алмайтын Сәбит Досановқа анау бір жыл­дардағы өтпелі дағдарыс кезеңдер де сылтау бола алған жоқ. Бұрқыратып жазып, романдары шығып жатты. Оның мына кіта­бын­да өзі келтірген көптеген бейнелі, дана­лық ойлардың ішінде «нағыз жазушы түр­меге қамап қойса да, жазбай отыра ал­майды» деуі – соның айғағы. Кеудесіне пікір толып, тақырыптар лықсып тұратын жазу­шы қалам ұстамай отыра алмайды. Қорыта айтқанда, «Намыс найзағайы» романы – тәуелсіз елдің бүгінін паш еткен шоқтығы биік шығарма, сол себепті ол Мемлекеттік сыйлыққа лайық дей ала­мыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста