“Бұйрық солай, айырылдық”: Бейтаныс арумен түскен Қайрат Нұртас қызу талқыға қалды (фото)
Әнші Қайрат Нұртас желіде жаңа жазба жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі желіде бейтаныс арумен түскен суретін бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қайрат Нұртас жұмбақ арумен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялаған. “Сақтауға шамам болмай, өзіңді қауіп-қатерден. Бұйрық солай, айырылдық! Бақытты сәттерден”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасын бірден қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін жаудырды. Қалың көпшілік әншінің қасында тұрған әйелдің кім екенін біле алмай әлек болды. Оқырмандардың бір парасы суреттегі аруды Жұлдыз Әбдікәрімоваға ұқсатты. “Кім не десе де Жұлдыз керемет әйел”, “Бақытты болыңыздар”, “Бұл – Жұлдыз ғой”, “Өздері біз жайлы жазбаңыздар деп, өздері хайп жасап жүр”, “Олар жақында бір-бірін желіде өшіріп тастаған. Тағы да желіні шулатқысы келіп жүрген секілді”, – деп жазуда көпшілік. Ал кейбір желі қолданушылары фотода мүлдем басқа қыз деп топшылады. “Жұлдызбен шынымен айрылысқан ғой”, “Бұл басқа қыз”, “Екінші әйелі ме?”, “Бұл Жұлдыз емес”, – деп жазды олар.
Тағы біреулер әртістің бар болғаны бейнебаянның түсіріліміне дайындалып жатқанын айтты.