Бүркіт «Астарлы ақиқат» бағдарламасына деген ренішін айтты (видео)
Қазақ эстрадасының жұлдызы Айгүл Иманбаева журналист, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген қойған сұрақтарға ренішін білдірді деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.
КТК арнасындағы "Астарлық ақиқат" бағдарламасының соңғы шығарылымында жұлдыздар өткізетін лотореялар туралы талқыланды.
Талқылау барысында Дина Төлепберген әнші Жеңіс Сейдолламен тікелей эфирде ұтыс өткізу заңдылығы туралы сөйлесіп:
- Әншілер лоторея өткізуге, ұтыс өткізуге мәжбүрміз. Өйткені, дисктерімізді сату қиын деп жатыр. Ары қарай жалғастыра берсін бе осы кәсібін? Әлде қалай? - деп сұрақ қойды.
Бұл сұрақ Бүркіттің шамына тиді:
- Не деген сұрақ бұл? - деп күлді амалсыздан.
Бағдарлама біткен соң Бүркіт ертесіне Инстаграмдағы парақшасында "Астарлы ақиқат" бағдарламасында болған жағдайға байланысты пікір білдірді:
- Кеше "Астарлы ақиқат" бағдарламасына барып, жүргізушінің айтқан сөздерін естіп, шынымды айтсам аузым ашылып қалды. Өзімді сабырлықпен ұстадым. Дегенмен де, кеше Аиша ұрысты: "Неге сен ақталасың? Өзің білесің ғой қандай адам екеніңді" деп. Біздің (Жұбайы - Айша екеуінің - автор) арымыз таза. Ешкімді ешқашан алдаған емеспіз. Сондықтан да, жасап жүрген өнеріміз де, тірліктеріміз де адал. Бір Алла біледі. Білемін, ондай бағдарламар біреуді қаралап өздеріне имидж жасап жүргендерін. Жарайды, жасасын. Бірақ, енді адамдарды арандатып, арасына іріткі салу - қатты кетіп жатыр-ау деймін. Өнер адам кемсіту, жамандау - қазіргі кезде норма сияқты. Сондықтан да, мен ешкімді бөліп-жармаймын. Ақ-қарасын өздеріңіз ажыратапрсыздар, - деп сөзін қорытындылады.
Еске сала кетейік, "Астарлы ақиқаттың" соңғы шығарылымында әнші Бүркіт пен Айгүл Иманбаева студияға келіп, жұлдыздар өткізіп жатқан лотореялар туралы өзекті сұрақтарға жауап берген болатын.
ВИДЕО: www.instagram.com/tv/B_pXKTcnAbJ/