Бұт билеген заман болды...

Бұт билеген заман болды...

Әйтпесе, қырықтан асып, елулерді еңсеріп қалған ер азамат баласындай жас жігітті өлімші етіп сабау бергі жағы, құлағын кесіп шұнтитып, мұрнын кесіп құнтитар ма еді?

Қазақта құлақесті құл деген ұғым бар... Яғни, баяғыда қожайыны өзінің құлына мал секілді ен салып, құлағын кесетін болған... Біз өзімізге құлиеленушілік заман өтті, өркениетке жеттік деп жүрсек, қайдағы? Әлімжеттік әлі де бар екен... Бір ұрғашы үшін бай, шенеунік бар абыройын ұмытып... Онда да некелі жары болса, бір сәрі... Дегенмен, оны ойлап жатқан адам бар ма? Бас орнында болса, ойланар еді ғой, демек, ақыл тегіс істен шығып, бұттан төменгі жақтың дегені басым болмай не енді? Беттің арын белбеуге түсіру деген осы ғой
Ұят-ай... Ұлт қамын жейтін азаматтың бұттан артылмай жатуы, масқара емей немене?
Жалпы, бұл бір алып айсбергтің көзге көрінген беткі қабаты ғана. Әйтпесе, жалғыз Жамалиев қана емес, қазір бірнеше жас қызды тордағы тотыдай ұстап отырған бай-шонжарлар жетерлік. Солардың да көзін ашты бұл оқиға. «Паһ, шіркін, бет біткеннің сұлуының бәрі менікі...» деп жүрген азаматтар енді қылымсыған қыздардан қорқатын болды. Себебі олар да әкесіндей азаматтарды демеуші ретінде ұстап, екінші жағынан өзі қатары жас жігітпен қажетін қанағаттандыратынын тап осы оқиға көзге шұқып көрсетіп берді.
Айналып келгенде, бүгінде апталдай азаматың да, қылымсыған қызың да, тіпті ол аз десеңіз өздерін «аяулы анамыз» деп атап жүргендер де шындап келгенде бұттың қамын бірінші кезекке қоятыны өтірік емес... Яғни, «альфонс» болмақ түгілі, бұрын ондай атаудың не екенін білмейтін қазақ жігіттерінің жүзден бірі бүгінде солай күнелтіп жүргені өтірік емес. Себеп – байлығы тасыған бәйбішелер бір-бір жас жігітті жетегіне ертуден бәсекеге түсіп кетті... Баласы түгілі немересіндей жігіттен не іздейді сонда? Ақша, дүние емес, әрине... ия, бұл да бұттың қамы... Басқасы, басқа, есімі елге әйгілі өнер адамдарының арасында осындайға ашықтан ашық барып жүрген соң не жорық? Сенбесеңіз, қымбат қонақүйлердің күзетшілерінен сыр тартып көріңіз. Және МАИ қызметкерлерінен де. Себебі таяуда сондағы бір танысым «Әніне де үлгеріп, күйеуінің де көңілінен шығып, баланы да мезгілінде туып, көпке үлгі боп жүрген қазақтың өнерлі қызына сырттай сүйсінуші едім... әттең... әлгі түнгі рейдте көлік ішінде бір жігітпен ұсталды... көрген көзім жазықты... одан гөрі, бірақ ұяттан мен өртене жаздадым » деді.
Міне...
Әлібидің оқиғасы осындай жағдайдың бетін ашып беруші ғана... Әйтпесе, қазір әйелі бола тұра, сұлу қыздарды қапталында ұстайтын қалталылар қаншама?... Және, қыздар да қазір жалаңаяқ деп жігіттерді менсінбей, ірі-ірі шенеуніктерді, ең құрығанда өзінің шағын кәсібі бар азаматтарды аңдитын болып алды. Осы тұста инстаграм немесе тағы сол сияқты әлеуметік желілер – таптырмас құрал. Бикештер бекерден бекер бөксені бұлтитып, төсін ақтарып суретке түсіп, оны жариялайды дейсіз бе? Сондағы мақсаты – әлдекімдерді торына түсіру. Оны айтасыз, тіпті қазір, «күйеуді қайтесің, бір байдан туып ал!» дейтін ақылгөй шешелер де шыққан. Өйткені қызы бір «майлы ішекті» қолға іліктірсе, төркінін тартады ғой? Өзі ғана емес, бауырларына тұлпар мінгізіп, жұмысқа орналастырады. «Несі жаман?» деп отырған шығарсыз? Несі жақсы? Бір емес бірнешеудің қарғысын арқалап жүр ғой ондайлар... Мысалы, кешегі оқиғада, бір үйдің болашағынан зор үміт күтіп отырған баласының өлімші халіне кім кінәлі? Егер, «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбес еді» ғой? Бір ұрғашының әлегі, көрдік қой, қандай үлкен дау туғызды? Сырықтай сирақтарын екі жаққа керіп, екеудің де үдесінен шығамын деп ойлап қалды-ау шамасы. Қазақ текке «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деп айтты дейсіз бе? Сәл ақылы бар қыз болса, осыны ойлар еді-ау... Ойлану қайда? «Бұт тұрғанда, не қам бар деген шығар?»... Бірақ... қателесті... ұрлықтың беті ашылды да қалды... Себебі Құдай бар ғой? Адам адамды алдар-ау, бірақ Алланы ешкім алдай алмайды... Өкініштісі сол, біз осыны ұмытып кете береміз... Нәпсі бәрін ұмыттырады себебі.
Құт емес, бұт билеген бұқараның ертеңі не болмақ екен? Мені қинайтын осы сұрақ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста