"Чип-чип-чип" өз Мариясын іздеп жүр екен...

"Чип-чип-чип" өз Мариясын іздеп жүр екен...

Қазақстанда ғана емес, Ресейде де хитқа айналып үлгерген «Мария Магдалена» әнінің орындаушысы, қазақстандық әнші Асхат Тарғынов аз ғана уақытта танымалдыққа ие болған еді. Қазіргі таңда қайырмасында «чип-чип-чип» деп жұртты жапа-тармағай билететін ойнақы әнсіз бірде-бір той өтпейді. «Мария Магдалена» қарапайым қазақ жігітінің бағын жандырды. Алайда Асхат әлі өзінің өмірлік жары болатын Мариясын кездестіре алмай жүр екен. Бұл туралы Асхат өзінің «Эврика» газетіне берген сұқбатында айтты.
Асхат Тарғынов «Мария Магдалена» әнінің өз өміріне үлкен өзгеріс әкелгенін айтады. «Қазір мен бір қаладан бір қалаға ұшақпен баратын болдым. Бұрын бір концерттен 40-50 мың теңге зорға тауып, костюмдерге тапсырыс беруге де, клип түсіруге де, тіпті ата-анама көмектесуге де жеткізе алмай, үнемдеуге тура келетін. Қазір қаламақым әжептәуір өсті. Тойға шақырушылар жолымды өздері төлейді, көбі ұшаққа билет алып береді», дейді әнші.
Әншінің айтуынша, ол «Мария Магдалена» әні хитқа айналады деп мүлде ойламаған көрінеді. Біздің әншілер түріктің, қырғыздың әндерін айтуды сәнге айналдырып жатқан кезде Асхат та өзінің репертуарына басқа елдің әнін қазақшалап қосып көрмек болып, таңдауы осы әнге түсіпті.
«Бір күні ескі ән дәптерімді ақтарып отырсам, итальян тіліндегі «Мария Магдалена» әні көзіме шалынды. Бұл ән сонау өткен ғасырдың 70-жылдары керемет танымал болған еді. Кеңес одағы тұсындағы адамдар Сан-Ремо фестивалінде шырқалатын жаңа әндерді сүйіп тыңдайтын. Әлі есімде 90-жылдары мектепте оқып жүрген кезімде ауылдағы мерекелік шараларда мен осы әнді айтатынмын. Өзімше микрофонды ұстап алып "Мария Магдалена, пьяно софалено" деп шырқататынмын. Сонда «чип-чип-чип» деген қайырмасына келгенде бәрі қол соғып қошемет көрсететін. Сонымен мен ойлана келіп өзімнің ескі танысым, музыкант Сайлаубек Қайдаровқа хабарластым, дейді Асхат.
Сөйтіп Асхат «Мария Магдалена» әніне қазақша мәтін жазғызып, Алматы қаласында аранжировкасын жасатады. «Өткен жылдың басында ән жазылды және бұл ән тек тойларда, үйлену тойларында орындау үшін жазылған еді. Алғаш рет осы әнді орындағанда қатты ұялып, толқығанмын. Әсіресе, «чип-чип-чип» деген жерін айтқанда халық қалай қабылдар екен деп алаңдадым. Алайда алғаш орындалғаннан-ақ көпшілік бұл әнді жақсы қабылдап, билеп, тіпті бір кеште бірнеше рет тапсырыс беретін болды».
Халық арасында кең таралып кеткен соң осы жылдың басында Асхат «Мария Магдаленаға» клип түсірген болатын. Авторлардың айтуынша, олар клиптің сценарийіне қатты бас ауыртпаған көрінеді. Клиптің сюжеті бойынша жас жігіт өзінің сүйіктісін қарату үшін түрлі қызықты әрекеттерге баратыны комедиялық көрініспен суреттеледі. Ролик бас-аяғы бір айда түсірілген екен. Биылғы жылдың наурыз айында YouTube порталына салынған клипті 800 мың көрермен тамашалаған.
Тыңдармандардың біразы жақсы біледі клиптегі әнде қазір «Магдалена» сөзі жоқ. Ән тек Мария туралы.
«Осы ән шыққалы маған түрлі сындар айтылды. Мария Магдалена деген кейіпкердің қазақ менталитетіне жат екенін айтып, қатты сынаған пікірлер күннен-күнге көбейді. Сондықтан қазір «Мария Магдалена» деген сөзді «Мария арман едің» деп өзгерттім. Бірақ бәрібір халық әннің алғашқы нұсқасын жақсы тыңдайды», дейді Тарғынов.
Әсіресе Ресейден тапсырыс берушілер Асхатқа аталған әннің алғашқы нұсқасын айтуға қолқа салады екен. Жақында Асхатты ресейліктер Челябинскідегі түнгі клубта осы әнді орындауға шақырыпты және Сочидегі «Мария» мейрамханасының ашылуында да Асхат «Мария Магдалена» әні үшін арнайы шақырту алған. Сонымен о баста тойға арналып жазыған ән қазір түнгі клубтарда да, алаңдарда да, тіпті үлкен сахналарда да шырқалатын болды. Асхат алдағы уақытта өзіне жаңа имидж ойлап табуға бас қатырып жүр екен.
Асхат Тарғынов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Есет батыр ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. «Біздің үйде әкем де, анам да, ағам Нұрдәлет те ән салады. Өзім 5 жасымнан ауыл саханасында ән сала бастадым. Басқа да балалар секілді кішкене кезімде мен де «Әнші балапан» байқауына қатыстым. «Жас дәурен» және тағы басқа да көптеген аудан, облыс көлеміндегі байқауларда бақ сынадым. Бірнеше клип түсірдім. Бірақ мені өнерде үлкен табысқа кенелткен «Мария Магдалена» әні болды», дейі әнші.
33 жастағы әртіс әзірге отбасын құрмаған екен. «Дәл қазір үйленетін ниетім болғанымен, әзірге сүйіктім жоқ. Бірақ жасырмаймын, қазір өзімнің Мариямды іздеп жүрмін. Маған болашақ жарымның әнші болғаны немесе өнерден мүлде алыс басқа саланың адамы болғаны маңызды емес. Ең бастысы менің жарым маған көп бала туып берсе, отбасы құндылығын басты орынға қойса, дәстүрімізді ұстанса болды. Менің әйелім әдемі немесе бай болу керек деген талап жоқ менде. Біреулер үшін мен қол жетпейін «жұлдыз» болып көрінетін шығармын. Бірақ мен қарапайым ғана қазақтың баласымын, ата-анамды, өнерімді жақсы көремін» дейді Асхат.
Өнер жолында үлкен табысқа жеткені үшін Асхат Аллаға ризашылығын айтады. Болашақта әнші хитқа айналатын тағы бірнеше ән жазуды армандап жүр.

rikatv.kz
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста