Cырғабаевтың суреттері түріктерді таңғалдырды

Cырғабаевтың суреттері түріктерді таңғалдырды

Мұқағали Мақатаев шығар­ма­шылығына арналған бірнеше се­риялы суреттерімен әл­деқашан жұртшылық назарына ілік­кен қазақтың талантты жас суретшісі Алмас Сырғабаев таяуда Түркияның бірнеше қаласында жеке көрмелерін өткізіп қайтты.
Ыстамбұл қаласының мәдениет бас­қар­масы мен Халықаралық «Диалог Еу­разия» платформасы ұйымдастырған ал­ғаш­қы көрменің ашылуында Ыстамбул жұрт­шылығының атынан сөз сөйлеген Са­лих Доған екі елдің ортақ мәдени  құн­ды­лықтарына тоқталды. Ол қазақ пен түрік ха­лықтарының танымдарындағы ұқ­сас­тықтарға, өнердегі ортақ әдістерге кеңінен мән беріп, суретшінің картиналарына жо­ғары баға берді.
«ДА» платформасының Қазақстандағы өкілі, қаламгер, «Серпер» жастар сыйлы­ғының лауреаты Мәлік Отарбаев екі ел ара­сындағы мәдени байланыстарға кеңі­рек тоқталып, суретші Алмас Сырғабаевтың шығармашылығындағы көшпелі халықтар дәс­түрлері мен өзгеше бояулар жайында өз бағасын берді. Бұдан соң Алмастың Ыстамбұлдағы көрмесі Из­мит қаласында Seka-park саябағында жал­ғасты. Келесі көрме бұрынғы Осман империясының алғашқы астанасы Бурса қаласында өтті. Бұл қалада өткен көрме де түркиялық тал­ғампаз көрерменді таң­ғал­дырды. Суретші осы көрмелерге ең таң­дау­лы деген 20 шақты картинасын алып бар­ған. Олардың ішінен «Хан Тәңірі» се­рия­сымен салынған суреттер, «Б.Мо­мышұлы», «Күту», «Май­гүл», «Көш», «Ба­йын­қол», «Да­ла төсіндегі жыл­қылар» сияқ­ты кар­тиналар көрер­мен­дер­дің жо­ғары бағасын алды. Әр қалада өткен сурет көр­мелері жа­йында түркиялық ақпарат құралдары жа­рыса жазды.
                                      «Аққулар ұйықтағанда...» кенеп, майлы бояу

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ, фототілші, Алматы – Ыстамбұл – Измит – Бурса – Ыстамбұл – Алматы

Алмат ИСӘДІЛ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста