Дана Нұржігіт: Қыз баланы оқытып, қай жерде тоқтау керектігін білу қажет
Жақында ғана теңін тауып, тұрмыс құрған танымал тележурналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында қыз баланың тәрбиесіне қатысты пікірін білдірді.
«Бала кезімнен: "оқы, ізден, талаптан!" дегенді естіп өскен едім. Ал, ойлап отырсам, қыз балаға бұл сөздерден бұрын: "сен әдемісің, ертең жар, ана боласың, үйдің тірлігіне пысық бол!" дегенді көбірек айту керек-ау... Қыз балаға "оқы!" деу-ақ керек, бірақ қай жерге дейін оқып, тоқтау керек екенін айтуды ұмытпаған дұрыс. Сонда барып қыз-ғұмырдың бар қызығын дер кезінде бастан өткереді.
Мына суретке еш қатысы жоқ сөз демеңіз! Есті адамға ештен кеш жақсы екенін жеткізген түрім ғой» - дейді журналист.
Жүргізушінің бұл ойын оқырмандары қолдап, жолдасы Мұрат екеуіне бақыт тіледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу