Данияр Саламаттың фильмі Германиядан жүлделі оралды
Қазаққа белгілі кинорежиссер, «Ақ желкен» журналының белді қызметкері Данияр Саламаттың «Сағынтайдың бірінші әйелі» фильмі Германияда өткен Коттбус фестивалінде топ жарды.
Данияр ағамыздың киносы 3-8 қараша аралығында өткен фестивалдің «Диалог» секциясы бойынша ең үздік деп танылып, 3000 еуро көлемінде ақшалай жүлдеге ие болды. Осылайша, шығысеуропалық мемлекеттердің 176 фильмінің арасынан озып шықты.
«Сағынтайдың бірінші әйелі – көпбалалалы ана туралы фильм. Қыстың қақаған суығында қиындыққа тап болады, пештің уына уланған балалар ақырында ауруханадан бір-ақ шығады. Әйелдің соңғы үміті «Алтын алқасы» еді, оны да ломбард құр темір деп қабылдамайды. Ал оның күйеуі еркек бала таппайсың деп өкпелеп, бұларды тастап кеткен болатын. Фильмде әйелдің осындай алуан түрлі қиындықтарға қалай төзгені туралы баяндалады.
zhasorken.kz