Дәрігерлер Димашқа жоғары дауыста ән айтпауға кеңес берді
«Singer 2017» байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетер алдында Димаш Құдайберген тамағы қатты ауырып, дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Sina weibo әлеуметтік желісінде Димаштың дәрігерге көрінген видеосы жарияланды. Одан Димаштың өнер көрсетуден бір күн бұрын салқын тиіп, дауысы шықпай қалғанын байқауға болады. Дәрігер оған толық жазылғанға дейін жоғары дауыста ән салмауға кеңес берді. Қазақстандық әнші байқаудың сегізінші кезеңінде тамағындағы ауырсынуды басу үшін дәрі егіп, сахнаға шыққан еді. Ал жобаға қатысушы әншілер Димашқа қолдау көрсетіп, сырқатқа қарсы қымбат дәрілер әкеліп берген. Еске сала кетейік, Димаш қытайша «Таң атты» әнін шырқаған сегізінші кезең эфирден 11 наурыз күні көрсетілді. Отандасымыз тоғызыншы кезеңде әлемдік хит «All by Myself» әнін айтып, екінші орыннан көрінді. Бұл кезең қытайлық телеарналардан 18 наурыз күні көрсетілетін болады.