Дарынды суретшіні еске алды

Дарынды суретшіні еске алды

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында талантты суретші Раушан Мамбекованы еске алуға арналған көрме болып өтті. Көрмеге дара суретшінің туындылары қойылып, жұртшылыққа паш етілді.
Раушан Мамбекова Алматы қаласында суретші әрі қоғам қайраткерінің отбасында дүниеге келген. Әкесі Мамбеков Бағдат Иман­бекұлы – «Жас алаш» газетінің ил­люс­трация бөлімін басқарған белгілі жур­налист. Раушан кезінде әке жолын қуып, көптеген дарынды жас суретшілерді тәр­биелеп шығарған Гоголь атындағы көр­кем­сурет училищесіне оқуға түскен. Мәскеу Бүкілодақтық мемлекеттік кине­ма­тография институтын (БМКИ) тамам­даған. Көрнекті кеңес режиссері, суретші әрі сценарийші, кеңес мультипли­ка­циясының классигі, тұтас бір мектептің негізін салушы Иван Петрович Иванов-Ваноның шеберханасында оқыған. Раушан осындай маңдайалды оқу орын­дарында білім алған. БМКИ-ге оқуға түс­кенге дейін қазақ анимациясының атасы Әмен Қайдаровтың басшылығымен «Қазақ­фильм» киностудиясында жұмыс істеп үлгерген ол жоғары білімді диплом иесі атанып, осы мекемеге қайтып оралған. Раушан сол жылдары өнердің жаңа түрі болып кірген анимацияның қалыптасып өркендеуіне білек сыбанып атсалысқан. «Қонжық», «Бір ғажайып достықтың тарихы», «Мынау – ақша салын­ған қап» мультфильмдеріне жұмыс істеген. Осылайша, Раушан Мамбекова қазақ мультипликациясы тарихында өзінің айқын ізін қалдырған.
Зейнеп ТҮСІПОВА, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, суретші, Р.Мам­бекованың курстас досы:
–  Өкінішке қарай, талантты суретші Раушан Мамбекова туралы тек өткен шақ­пен ғана айтамыз. Оның өмірден өткеніне бір жыл толыпты. Раушанның шығар­ма­шылығы сан қырлы. Ол муль­типли­ка­ция­дан басқа, кескіндеме, гра­фика, кітап бе­зен­дірумен де айна­лысты. Шығар­ма­шылық қызметінің бар­лық саласында ол өзін ойшыл да сезімтал суретші ретінде көрсетті. Екеу­міз учи­лищеде төрт жыл бірге оқыдық. Бір нан­ды бөліп жеп, айырылмас дос бол­дық. Ол балаларға арналған, әсіресе қазақ ертегілеріне қатыс­ты көп жұмыс істеді. Раушанның басқаларға қарағанда қа­білеті жоғары болды. Өте сенгіш, дос­тыққа адал, мейірімді, ізгі жан болатын. Тағы да жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дегім келеді.

Р.Мамбекова Мәскеуден оқудан келген соң, өзі алғаш рет көрмеге қойған қазақтың «Ер Төстік» ертегісі тақырыбындағы туын­дылары арқылы көптің көңілінен шыға білді. Осыдан кейін 1979 жылы ол «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. Бұл оның өзіндік жеке қолтаңбасын ашып көрсеткен ең үздік графикалық туындыларының бірі болатын. Еркіндігі мен ойын оңай жеткізе білуі және әдеби сюжетке тереңдеп енуі бір-біріне үйлесе кеткен. Ол әдеби шығар­маның идеясын нағыз пластикалық фор­мада көрсете алатын парасатты жан болды. Осынша мұқияттылығы, жан-жақ­ты­лығы және өте дәлдігі, нағыз көркем мә­нерді талмай ізденгіштігі Р.Мамбекова­ның талантын айрықша көрсетіп тұратын.
1990 жылдары ол үшін көрмеге толы кезең болды. Бір Францияның өзінде жеті көрме өткізді. Францияның оңтүстігіндегі Лезиньян Ла Себ қаласында өткен, әлемнің көптеген елдерінен түрлі дарынды сурет­шілер қатысқан айтулы көрмеде Р.Мам­бекова алтын медальды жеңіп алған. Сол тұста газет беттерінде қазақстандық өнер шеберінің шығармашылығына жо­ғары баға берген мақалалар мен пікірлер жа­рық көрді. Бір сөзбен айтқанда, Раушан Мамбекованың көркемдік және рухани қуатқа толы шығармашылығы Қазақстан бейнелеу өнеріне елеулі үлес қосты.
Ефрат БАҒДАТҰЛЫ, ЮНЕСКО-ның Мә­дени мұра бойынша сарапшысы, Р.Мам­бекованың інісі:
– Мұндай көрменің өтуі біз үшін өте маңызды. Сондықтан мен ең бірінші Рау­­шанды еске алу көрмесін ұйымдас­тырып отырған өнер мұра­жайының бас­шылы­ғына, ұжымына ерекше алғыс айтамын. Рау­шанның жасаған еңбегін халық жа­дын­да мәңгі сақтау үшін істеп отырған шара­лары – өте қуантарлық жайт. Мен Рау­шанның шығарма­шы­лығын бала кез­ден көріп өстім. Ол ер­тегіні өте қатты жақсы көретін, ертегімен өмір сүрді. Өзі ертегі айта алмаса да, ертегіні жүрегімен көріп, басқаларға сызып, бояп көр­сетті. Ол сол кезде өнердің жаңа түрі болып енген деко­ративтік көр­кемсуретті қазақ сурет­ші­лері арасында алғаш болып қол­данды, дамытты. Деген­мен 90-жыл­дар­дағы қиын уақытта Рау­шанның шы­ғар­ма­­шы­лығында үлкен өзгерістер туын­­­­да­­ды. 90-жылға дейін Рау­шан туын­дыларында айқындық, жарқын­дық, суреттерінде шат-шадыман көңіл күй көрініп тұрса, одан кейін орын алған елдегі дағдарыс оны тереңге батырып жіберді. Оның үстіне, ол уақытта әкем оған 30-жыл­дарда халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырағандығы жөнінде көп айтты. Ұлттың, халықтың трагедиясы оған қатты әсер етіп, аса сезімтал жанның туын­дыларында боранды көш, аспан­нан төнген қара бұлт, қатты соққан жел секілді қорқынышты, драмалы суреттер пайда болды. Одан кейін оның фо­нында ертедегі грек мифо­логиясында жанып кеткен күлден қайта тірілетін жасыл фе­никс құс айшықталып тұрды. Мұның бар­лығы не үшін, өнер ие­сінің бұл жаса­ған образдары нені аңғар­тады, неге бұлай болды? Міне, осының бәрі Рау­шан шығармашылығын әлі де то­лық зерт­теуді қажет ететінін көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста