Дарынды жастар марапатталды

Дарынды жастар марапатталды

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына биыл барлығы 157 үміткердің құжаттары қабылданған бола­тын.
Осы сыйлықты тағайындау жөніндегі комис­сияның шешімімен солардың арасынан 20 жастың аты озып шығыпты. Кеше Астанадағы «Шабыт» сарайында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов марапаттады.
Биыл бұл сыйлықты 10 аталым бойынша 20 жас алды. Атап айтсақ, журналистика саласында биыл­ғы аты озған жастардың қатарында «Қаламгер – Ме­диа» орталығының директоры Жанарбек Әшімжан,  «Хабар» телеарнасының теле­жүргізушісі Берік Құр­манғали мен Ринат Кертаев танылса, театр және ки­но саласынан ҚР Президенті теле­радио­кешенінің режиссері Жанар Жұмабаева, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлері Назгүл Қарабалина мен Жандарбек Садырбаев, әдебиет са­ласында – талантты ақын Ақберен Елгезек, «Заң» газетінің бас редакторы, ақын Бекжан Әшірбаев және Алмас Темірбай сынды азаматтар лауреат атан­ды. Ал «эстрада» және «классикалық музыка» аталы­мында әнші Ерболат Құдайбергенов пен астаналық опера және балет театрының әншісі Азамат Жыл­тыркөзов дараланды. Сондай-ақ «халық шығар­ма­шылығы» аталымында Мұрагер Сау­ран­баев және Батыржан Мықтыбаев марапатталса, дизайн және бейнелеу өнерінде Гүлназым Өмірзақ пен Елдос Бексұлтан, ғылым саласында Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтының астаналық филиалының бастығы Максим Здоровец «Дарын» сыйлығына лайық деп танылды. Биылғы лауреаттар­дың ішінде спортшылар – жазғы Азиада ойындарының жеңім­пазы Елена Шалыгина мен Нұр­махан Тінәлиев те бар.
«Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн, сондай-ақ талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі. Екі жылда бір рет тағайындалатын бұл сыйлық ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет аталым­дарын қамтиды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста