"Даун синдромына күдік болды": Бауыржан Сатов екінші қызына дәрігерлердің қандай диагноз қойғанын айтты

"Даун синдромына күдік болды": Бауыржан Сатов екінші қызына дәрігерлердің қандай диагноз қойғанын айтты

Бауыржан Сатов жұбайы екеуінің басынан өткен ауыр жайтты баяндады. Сөзінше, дәрігерлер екінші қызы дүниеге келерде оған ауыр диагноз қойған. Алғашқыда есеңгіреп қалдық деген актер кейін бұл жағдайды қабылдағанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

Айтуынша, жұбайы Альбина Шардарова құрсақ көтерген соң, дәрігерлер сәбидің "Даун синдромына" шалдығу қаупі жоғары екенін айтқан. 

"Алғашқы үш айлық кезде дәрігер бізді шақырды. Оны ешкімге айтқан жоқпыз. "Бір анализдеріңіз дұрыс болмады. Сіздерде даун синдромына күдік бар. Пайызы өте жоғары", - деді. Альбина екеуміз қатты уайымдадық, басыңа түспейінше сезіне алмайды екенсің. Қазірдің өзінде айтып отырып, сол сезімді қайта басымнан кешіп жатырмын. "Баламен сынамасын" деген сөздің мағынасын сол кезде түсіне бастадық. 

"Не істейміз? Қалай ол?" - деп сұрадық. "Құны 200 мың теңгедей тұратындай анализ тапсырасыздар, баланың айналасындағы суды алып, Америкаға зерттеуге жібереміз", деді", - деп еске алды Бауыржан Сатов.

Бауыржан мен Альбина ойлана келе, дәрігерлер ұсынған анализден бас тартқан. Тіпті, "науқас бала берсе де, оны қабылдаймыз" деп шешкен.

"Өйткені дәрігерлердің болжамы басқа, ал дүниеге келген кезде басқаша болып шығатын жағдайлар жиі кездеседі. Қандай болмасын, ол Алланың бізге берген сыйы, ешқандай ауыртпалықсыз баламыз ретінде қабылдап, толыққанды қараймыз деп шештік", - дейді актер.

Сатов іштей Алладан дені сау бала тілеп, үміттенгенін жасырмайды.

"Сосын үйге келіп, есімде ешкім жоқ, бір бөлмеге кіріп, есікті жауып алып, басымды сәждеге тигізіп, көзімнен жас шығып, Алладан: "Менің екінші балапаным дүние есігін дені сау болып ашсыншы", - деп тіледім. Алла Тағала тілегімді қабыл етіп, дүниеге сап-сау Альфиямыз келді", - дейді Бауыржан Сатов.

Айта кетейік, 2018 жылы отбасын құрған Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың бүгінде екі қызы өсіп келеді.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста