Дәурен Айдарқұлов актерлікті қойып, әншілікке бет бұрмақ

Дәурен Айдарқұлов актерлікті қойып, әншілікке бет бұрмақ

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов кино саласын қойып, енді әйелі секілді әнші болуға ниетті. КВН ойындары арқылы танымалдылығы артқан өнер иесі музыка әлеміне аяқ басуға қызу дайындықты бастап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айдарқұлов бұл шешімге киноларға шақыртулар саны азая бастағандықтан келгенін жасырмады.

Әзілкештің сөзінше, көрермен де фильмдерге "сол баяғы" бір актерлардың түсуінен жалығады. Сол себепті ол алдағы уақытта келіншегі Ақбота Айдарқұловамен дуэт болып, ән салмақ.

"Бір жағынан халық демалсын деп жатқаным ғой. Әйтпесе, «Үнемі, сол бір актерлар түсе береді екен» деп айтады. Сол себепті әрдайым олай айтпау үшін, кішігірім пауза ұстап жатырмыз.
Оның екінші себебі - ол музыка әлеміне бара жатырмыз. Ән айтайын деп жатырмыз. Дуэт шығармақшымыз. Сондай бір жобалар болып жатыр" , - деп ағынан жарылды актер.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әйелімен түскен видеосы елді қызықтырып қойғанын жазған болатынбыз. Көпшілік ерлі-зайыптылар бірге дуэт айтты деп болжам жасады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста