… депті

… депті

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы  «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз.. Бүгінгі топтамада ақын, әрі жазушы Сәкен Иманасов ағамыздың филология ғымылымының докторы, профессор, көп журналиске ұстаз Кәкен Қамзин айтқан қызықты әңгімелерінің бірнешеуін беруді жөн көрдік. Қалғанын келесі саннан оқи аласыздар.

Қырғиқабақ соғыстың бәсі
Студент күндері Кәкен екі сабақтан азарда-безер болатын. Бірі – «Азаматтық қорғаныс», екіншісі – «Әскери дайындық». Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы жанталаса қарулану бәскесі қызып тұрған шақта бұл пәндердің түкірігі жерге түсе ме. «Азаматтық қорғанысты» жүргізетін отставкадағы полковник студентінен сынақ алып отырып:
– Атом бомбасы жарылғанда не істейсің? – деп әдеттегі сұрағын қояды. Сонда Кәкен:
– Екі табыт сатып аламын, – деп жауап беріпті. Мұндай оқыстықты күтпеген оқытушы:
– Е-е, неге екеу? – деп қалыпты.
– Біреуін – сізге, біреуін – өзіме, – деген екен екінші курстың студенті Кәкен Қамзин.
Италия қайда, біз қайда?
Университеттегі оқудан кейін жұмысқа орналасу үшін Алматыға тіркеуге тұру керек. Қиналып жүрген Кәкенге атақты диктор Әнуарбек Байжанбаев қол ұшын береді. Сол кездегі Комсомол көшесіндегі өз үйіне пропискаға отырғызады. Енді оны жуу рәсімі бар емес пе. Әнекең өзінің досы – Әнуар Әлімжановтің туған ағасы –  Қазақ радиосының дыбыс режиссері Абдолла   Қылышбаевты қосып алады. Жүре келе  «Қазақфильмнің» режиссері Абдолла Қарсақбаев ұшыраса кетеді. Жүргенге жөргем ілгеді демекші, тағы бір орамнан өте бере алдарынан  «Қазақтелефильмнің» режиссері Тұраш Ыбыраев шыға келеді. Сонда Кәкен ағаларына қарап:
– Енді Лукино Висконти  мен   Федерико Феллини  келмей   тұрғанда, тездетіп мына «Есік» ресторанына зып берейік, – депті.
Сүйемнен қарыс жақын
1973 жыл. Азия-Африка жазушыларының Алматыдағы Бесінші конференциясы. Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының бірінші хатшысы Әнуар Әлімжанов оған үлкен мәжіліске арнайы шақыру билетін береді. Алдында ғана Азат Сүлеев, Төлеу Шаханов, Ермұрат Жармұхамедов сияқты сабаздармен түскі тояттан оралған Кәкен рахметтің орнына Әнуар Тұрлыбекұлына:
– Олжас Сүлейменовтің кітабына  алғысөз сүйкеп тастайсыз, Шоқан Әлімбаевқа пәтер алып бересіз, Мұқағали Мақатаевты Мәскеуге Литинститутқа оқуға жібересіз, Мұрат Әуезовті Делиге ағылшын тілін үйренуге аттандырасыз, ал мына мені бір жапырақ қағазбен алдандырасыз, – деп базынасын айтып қалыпты.

http://alashainasy.kz/culture/48856/
http://alashainasy.kz/culture/48809/
http://alashainasy.kz/culture/48773/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста