…депті
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын облыстық “Оңтүстiк Қазақстан” газетiнiң лездемесiнде кезектi шолу жасаған Мәриям Танашева: “Осы Мұхтар Шерiмнiң фельетондарында түсiнiксiз сөздер өрiп жүредi”, – дедi. Сол күнгi лездеменi жауапты хатшы Байдулла Қонысбеков басқарып отыр едi.
– Нақтылап айт, қандай сөздер? – дедi.
– Мысалы, – дедi Мәриям газетке үңiле түсiп, – “Дупль мас” дейдi, “дуплi” несi?
Еркектер жағы шу ете қалды:
– Ой, оны түсiнбейтiн несi бар?
– Өте түсiнiктi сөз, ары қарай кете бер! – дедi Байекең күлiп.
Ол кезде Мархабат Байғұтов “Оңтүстiк Қазақстан” газетiнiң редакциясында әдебиет, мәдениет және өнер бөлiмiнiң меңгерушiсi болып iстейтiн. Бiрде оның кабинетiне ақын Ханбибi Есенқараева кiрiп келедi де, жағын таяна ойланып отырған Махаңа қарап:
– Жауатын қара бұлттай түнересiң,
Анда-санда бiр келсек сыр бересiң.
Тұқшиып қара жерден көз алмайсың,
Түсiрiп алғандай-ақ бiрдемесiн! – деп тиiсiптi. Сонда Махаң ойланбастан:
– Бұл жерге келушi едi талай қатын,
Қалай-қалай сөйлейсiң адай қатын? – дептi. Мынадай тосын жауапқа риза болған Ханбибi:
– Мен әлгi шумақты сырттан сомдап, дайындалып келiп едiм, ал сiз ойланбай-ақ шиыра жауап қаттыңыз. Жеңiлдiм, жеңiлдiм! – дептi.
Белгiлi журналист Бекзаттар Дiнәсiловтi әншейiнде сөйлету қиын, берген сұрағыңа қысқа жауап қайырып отыра бередi. Ал аузына жүз грамм тиiп, “кәйфi” ұстаған шақта айғырша кiсiнеп, көкiрегiн тоқпақтап шыға келедi де, ешкiмге сөз бермей қояды. Бағанағы Бекзаттар мен мына Бекзаттар екеуi екi бөлек адамдай...
Бiрде компьютер операторы Дананың туған күнi болып жұмыс соңына қарай шағын дастарқан ұйымдастырылды. Алғашқыда елеусiз ғана отырған Бекзаттар бiр-екi стакан iшкен соң жарқын-жарқын сөйлей бастады. Тiптi бiраздан соң отырысты басқарып отырған атақты журналист Нури Муфтахқа да қарсы сөйлеп, бiр-екi тұста бетiн қайырып тастады. Бекзаттардан мұндай мiнез күтпеген Нұрекең таңырқап:
– Өй, мынауың өлi балық сияқты ғой. Аузына су тисе тiрiлiп кетедi екен! – дедi.
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз