…депті
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..
Жүйрік машина
Бірде Ғафу Қайырбеков Торғай облысында шығармашылық іссапардаболады. Бір аупарткомның хатшысымен бірге «Волга» жеңіл машинасында келе жатқан ақын төбелерінде не қалмай, не озбай ұшып келе жатқан вертолетті байқапты.
– Ішінде ақын барын сезіп, озбай, әдеп сақтап, келе жатқан болар,– дейді хатшы. Сонда Ғафу отырып:
– Жігіттің домаласа өрге тасы
Самолеттен озады машинасы, – деген екен.
Ставрида
Белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров күндердің бір күнінде үйінің жанындағы азық-түлік дүкеніне кірсе, шынының астында сіресіп жатқан ставрида балығын көреді. Мал еті жоқ болса керек. Сонда Оспанхан:
– Ассалаумағалейкум, ставрида, Әлі өтпей жатырмысың мыстан-рыба! – деген екен.
Пәле болмай қайтеміз
Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Серікболсын Әбділдин әдебиет пен өнерге жаны жақын, өткір тілді, астарлап, әзілдеп сөйлейтін шешен кісі. Сессия мәжілісіне төрағалық еткен күндері ол кісінің орынды әзілі мен өткір қағытпаларынан депутаттар сергіп, серпіліп отырады екен. Бірде ана мен баланы, семьяны қорғау туралы заң жобасы талқыланып, дәрігер депутаттар бірінің пікірімен бірі келісе алмай жатады. Төрағалық етіп отырған Серікболсын ағамыз:
– Заң қызметкерлері ғана айтыса ала ма десем, дәрігерлер де пәле екен ғой? – депті. Сонда мінбеде сауалға жауап беріп тұрған дәрігер, депутат Ысқақ Есіргепов:
– Әйтпегенде ше, біріміз адам тағдырына, біріміз адам өміріне жауаптымыз, сондықтан пәле болмай қайтеміз!– деген екен.
Кішкентайлардан қорқатын болдық қой
Кезекті бір мәжіліс кезінде бір депутатқа сөз тимей қалады да, ол орнынан ұшып тұрып, президиумға қолын сілтеп, бірдеңелер айта бастайды. Микрофон қосылады. Төрағалық етуші Серікболсын Әбділдин:
– Соншама айқайлайтындай сізге кім тиді?– дейді.
– Неге сөз бермейсіз, сөз сұрағаныма қай заман?– дейді депутат екпіндеп.
– Кешіріңіз, көрмей қалыппын,– дейді Секең.
– Кішкентай болғасын, бойым аласа болғасын көрмейсіз де,– дейді депутат та ашуын баса алмай.
Сонда төраға:
– Сөйле, сөйле, бұл күнде үлкеннен емес, кішкентайлардан қорқатын болдық қой!– деген екен.
Маралтай ақынның «...дегендері»
Ашу қысса
Менің басым қайда кеткен?...
Дарқан мінез
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз