Депутатқа тоқал болуды армандаған атышулы ару дінін өзгертті (видео)
Депутатқа тоқал болуды армандап, желіге түрлі видео-үндеу жолдаған Салтанат есімді қазақ қызы дінін өзгертіп тастады. 28 жастағы бойжеткеннің видеосы official_550gramm парақшасында жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мойнына крест таққан Салтанат видеода: "Сәлеметсіздер ме, құрметті ағашкалар! Мен бүгінгі күннен бастап христиан дінін қабылдадым. Мені құттықтап қойыңыздар", - деді.
Алайда желі қолданушыларына қолына темекі қыстырған қыздың бұл әрекетін қатаң сынға алған.
"Кім боламын" десең де өзің білесің", "Масқара", "Осы қыздың есі дұрыс па, өзі?", "Ені Салтанатты Светаға ауыстыр", "Алла сана берсін", "Ұят-ай".
"Солай істегенің дұрыс болыпты", "Мына қызда иман жоқ екен", "Құдай сақтасын", "Осындай адамдарға тосқауыл болатын бір заң керек шығар", "Әп-әдемі қыз. Бірақ дұрыс жолды таңдамаған", - деп пікір білдірді ашуланған желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Салтанаттың әкімге тоқал болғысы келетіні туралы мәлімдеме жасаған видеосы 2017 жылы желіге таралып кеткен болатын.
Ал 2018 жылы бойжеткен өзінің неліктен тоқалдыққа ұмтылатынын жайып салды.