Дидар Амантай: "Оралу" идеологиялық фильм емес

Дидар Амантай: "Оралу" идеологиялық фильм емес

«Қазақфильм» кезекті жаңа киноның тұсауын кесті. «Оралу» деп аталатын отандық өнім 19 наурыздан бастап барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Фильм сценарийінің авторы белгілі режиссер Рашид Сүлейменов. Ал басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиев. Сонымен қатар, Аружан Жазылбекова мен Обонно Эндобуезе есімді актерлер түскен.
Жаңа туындыдағы оқиғалар жастар жайында өрбиді. Елден шалғайға кетіп, кейін қайта оралып, туған топырағында да жаңа мүмкіндіктерін барын түсінген жігіт жайында. Бас кейіпкер Отанын шексіз сүйеді. Басты рөлдегі Мақсат үшін Еуропа ең жайлы мекен, сонда білім алу ол үшін аса маңызды. Ол микробиолог ретінде ірі жобалармен айналысатын компанияда қызметкер болып істейді. Алайда шетелде жүрген ол туған елін іс-сапар кезінде тек ұшақ терезесінен ғана көріп жүреді. Бірақ оның атасының кенеттен бақиға аттануы оның өмірін күрт өзгертіп жібереді. Өзіне мұраға қалған жылқы фермасын сатып, ақшасын алу үшін Қазақстанға оралады. Ауылда жүріп туған жердің мұндағы тұрмыс-тіршіліктің қатты өзгергенін байқайды. Еуропадағы компаниялар секілді Қазақстанда адамдардың табысқа жетуіне мол мүмкіндік барын түсінеді.
Фильм идеясы жас көрермендерді елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Алматы мен Астанада, Алматы іргесіндегі Тұрар ауылында түсілген туындының ұзақтығы 90 минут. «Қазақфильмнің» қолдауымен түсірілген киноның бюджеті қанша теңге екенін белгісіз. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті, бас редактор Дидар Амантай: «Мен тек көркемдік сапасына ғана жауап беретіндіктен қаржы мәселесіне араласпаймын. Сондықтан, бұл туындыға қанша теңге кеткенін білмеймін», - деп қайырды.
Дидар Амантай, «Қазақфильм» АҚ вице-президенті, бас редакторы:
Фильм орысша түсірілді деудің қажеті жоқ. Біз түсірілім барысында актерлер қандай тілде сөйлейтін болса, фильм солай түсіреледі. Алайда оған бола алаңдаудың қажеті жоқ. Біз қайта дыбыстау кезінде қазақ тілінде қайта жазып шығамыз. Сол себепті, фильм тек бір тілмен шектелмейді. «Оралуды» идеологиялық фильм деуге болмайды. Ол шынайы түсірілген көркем фильм.
Санжар Мәдиев, басты рөлдегі кейіпкер:
Фильмді күннің ыстық-суығына қарамай ойдағыдай түсіріп шықтық. Өзім ойнаған рөлге келетін болсам, мүмкіндігінше ойдағыдай сомдай алдым. Арасында бас тартқым келген сәттер болғанын жасырмаймын. Менің достарымның ортасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендері бар. Солармен араласа жүріп, бас кейіпкердің образына толық дайын болдым.
Обонна Эндобуезе, актер:
Фильде өмірді әдемі, бәрін керемет етіп көрсетіп жатады ғой. Бұл фильмдегі оқиғалар шынайылыққа құрылған. Ө рөлімді екінші типтегі кейіпкер екенін білемін. Соған қарамастан рөл ұнады. «Оралудың» көрермендері тек Қазақстанмен шектелмеуі тиіс.
Аружан Жазылбекова, актриса,
Сценарийді оқып шыққан соң бірден келістім. Маған оқиға желісі өте таныс, жаныма жақын. Мұндай жағдайлар біздің қоғамда бар. Мен ойнаған рөлді сомдауда пәлендей қиын болды дей алмаймын. Кезінде мен де шетелде білім алдым. Сондықтан елді сағыну дегенді мен жақсы түсінемін. Осы сәтті пайдалана отырып бізге берілген мүмкіндік үшін, жүрегімізде өмір сүретін отанға деген ыстық махаббат үшін алғыс айтамын. Жаңа фильм сіздердің талғамдарыңыздан шығады деген сенімдемін.
Рашид Сүлейменов, сценарий авторы, қоюшы режиссер:
Біздің кинода барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық. Оқиға желісі отанға, туған елге деген махаббатқа құралған картина. Сондықтан, фильм біз үшін ерекше картина болып саналады. Елге деген шексіз махаббатты көрсетуде біз ойдағыдай жұмыс істедік. Кино арқылы негізгі айтпағымызды жеткізе алдық деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста