Дидар Кәден сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (видео)
Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден екінші мәрте отау құрмақ. Өнер иесі өз туған күнінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дидар Кәден 30 жасқа толуына орай барша жұлдызды достарын жинап, туған күнін ерекше атап өтті.
Мерекелік кеште Диас Аблаев, Әли Оқапов, Гүлназ Жоланова, Данияр Өтеген, Нұржан Әбубәкір, Ерқанат Ермахан, Бейімбет Бақытқадыров және тағы да басқалар болды.
Көңілді отырыстың соңында туған күн иесі сүйіктісін ортаға алып шығып, оған үйленуге ұсыныс жасады. Бойжеткен оған "иә" деп жауап берді. Артынан қос ғашықтың достары оларды бірден құттықтауға кіріскен.
Аса әсерлі сәтке куә болған қонақтар желіде ұсыныстың видеосымен жарыса бөлісіп жатты.
Айта кетейік, Лидия Кәденованың ұлын өзіне ғашық еткен бойжеткен де өнерден алыс емес болып шықты. Бір рет ажырасып үлерген Дидардың жүрегінен орын таба алған ару кәсіби түрде бимен айналысады. Есімі - Лейла, жасы - 24-те.